02.08.2017, 19:29 6899

Ақмола облысы Шортанды ауданында "Ақ бидай" жазғы аудандық спартакиада өтті

Ақмола облысы Шортанды ауданыныӊ Новоселовка ауылдық округінде "ЕХРО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрме аясында "Ақ бидай" жазғы аудандық спартакиада өтті. Ал келесі ойындар, яғни "Ақ Бидай 2018" Андреевка ауылдық округінде өтеді.

Көкшетау. 2 тамыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысы Шортанды ауданыныӊ Новоселовка ауылдық округінде "ЕХРО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрме аясында "Ақ бидай" жазғы аудандық спартакиада өтті. Ауқымды спорттық іс-шараға аудан әкімі Гүлнұр Сәдуақасова, мемлекеттік мекемелер мен дербес бөлімдердіӊ басшылары, спорт ардагерлері, қоғамдық ұйымдардыӊ өкілдері және де жастар қатысты. "Ақ бидай 2017"-ніӊ құрметті қонағы күштемелі нөмірлері бойынша 4 дүркін рекордшы Сергей Цырульников болды, хеп хабарлайды Ақмола облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Аудан әкімі Г. Сәдуақасова спартакиадаға қатысушы Шортанды ауданыныӊ спорт командаларын спорт пен салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шарамен құттықтады.

"Елбасы Н.И. Назарбаевпен бүтіндей қолданылатын спортпен айналысу үшін халыққа жақсы жағдай жасау мемлекеттік саясаттыӊ басымды бағыты болып табылады" деп атап өтті ол. Гүлнұр Инуарбекқызы бүкіл жерлестерге ауданда спорттыӊ дамуына үлесін қосқаны үшін алғысын білдірді, сонымен қатар жаӊа жеӊістер тіледі.

Спорттық іс - шара Шортанды ауданыныӊ тумасы, Қазақстанныӊ рекордтар кітабына енгізілген, "Қазақстанныӊ 100 жаӊа тұлғасы" жобасына Ақмола облысынан ұсынылатын кандидат Сергей Цырульниковтыӊ өзініӊ үлгілік өнерін көрсетумен басталды. Қазақстандық палуан шынжырларды сындыру, жылытқы үрлеу, шегелерді байлау, осыныӊ барлығымен Шортанды ауданыныӊ тұрғындары мен қонақтарын қайран қалдырды.

Спартакиада бағдарламасына спорттыӊ келесі түрлері енгізілгенін атап өту керек: футбол, волейбол, баскетбол, шахмат, дойбы, отбасылық жарыс, қол күресі, гір, үстел теннисі, қазақша күрес, асық ату. Ирбір ойыншы өз командасыныӊ намысын қорғай отырып, өз шеберлігін көрсете алды.

Спорттық жарыстыӊ қорытындысы бойынша жеӊімпаздар дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал келесі ойындар, яғни "Ақ Бидай 2018" Андреевка ауылдық округінде өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны