12.12.2017, 18:15 10232

Ақмола облысы Ұлттық спорт түрлерінен "Алтын тұғыр" сыйлығымен марапаттау рәсімінде үздік деп танылды

Астанада дәстүрге айналған Ұлттық спорт түрлерініӊ үздіктерін марапаттау рәсімі болды

Көкшетау. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today -Астанада дәстүрге айналған Ұлттық спорт түрлерініӊ үздіктерін марапаттау рәсімі болды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Жылдан жылға ауқымы кеӊейіп бара жатқан салтанат биыл 5-ші рет ұйымдастырылып отыр. Бас демеуші ретінде "Самұрық Қазына Trust" әлеуметтік жобаларды қолдау қоры қаржыландырса, негізгі қолдаушы Мәдениет және спорт министрлігі.

Салтанатты шараға Ұлттық спорт федерациясыныӊ құрметті президенті Қайрат Сатыбалды, ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы АҚШ-тыӊ Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Джордж Крол, Қазақстандағы Түркия Республикасыныӊ Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык, Жапонияныӊ Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабата қатысқан.

Марапаттау рәсімінде үздік деп танылған облыстардыӊ қатарында Ақмола өӊірі де табылып, облыс атынан аймақ басшысыныӊ орынбасары Айна Мысырәлімоваға алғыс хат табысталды.

Сондай-ақ, Ұлттық спорт түрлері көкпар ойыныныӊ үздіктерін де ерекше атап өтіп, оларға да жеке-жеке марапат жасады. Қазақстан құрама команда ойыншылары түгелдей "Қазақстанныӊ спорт шебері" атанды.

Атап өту керек, Ақмола облысыныӊ көкпардан бас жаттықтырушысы Ерғали Тоқабаев та алғыс хатпен табысталды.

Бұдан бөлек, Үздік жамбы атушы, Жамбы ату спорты бойынша төреші, Үздік қазақ күресініӊ балуаны, Үздік теӊге ілу ойыншысы, Үздік бүркітші сияқты тағы да басқа спорт түрлерініӊ кіл мықтылары анықталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны