24.08.2017, 19:16 5458

Ақмола облысында "Ақ бидай" 30-шы жазғы спорттық ойындарыныӊ облыстық спартакиадасы басталды

Жарысқа қатысушыларды құттықтаған аймақ басшысы Мәлiк Мырзалин жастар арасында бұқаралық спортты насихаттап, салауатты өмiр салтын ұстану Елбасы саясатыныӊ басты бағыттары екенiн атап өттi.

Көкшетау. 24 тамыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ Жарқайыӊ ауданында "Ақ бидай-2017" 30-шы жазғы спорттық ойындарыныӊ облыстық спартакиадасы басталды.

Жарысқа қатысушыларды құттықтаған аймақ басшысы Мәлiк Мырзалин жастар арасында бұқаралық спортты насихаттап, салауатты өмiр салтын ұстану Елбасы саясатыныӊ басты бағыттары екенiн атап өттi.

"Бiзде денешынықтыру және спортты насихаттауға зор көӊiл бөлiнуде. Салауатты өмiр салтын ұстану бағытындағы мемлекеттiк жобалар сәттi жүзеге асырылуда. Облыста жыл сайын қазiргi заманғы спорттық нысандар пайдалануға берiлуде. Соӊғы екi жыл iшiнде спорттық нысандардыӊ саны 100-ге артты", - деп атап өткен облыс әкiмi спортшыларға жеӊiске жетулерiне тiлектестiгiн бiлдiрдi.

Еске сала кетейiк, жарысқа облыстыӊ әр өӊiрiнен келген командалар футбол, волейбол, шахмат, дойбы, үстел теннисi, жеӊiл атлетика, отбасылық старттар тәрiздi спорттыӊ 7 түрi бойынша бақ сынайтын болады. Спартакиаданыӊ ашылу салтанаты Державинск қаласындағы 100 миллион теӊгеге күрделi жөндеу жүргiзiлген "Жастар" стадионында өттi. Жарыс 26 тамызға дейiн жалғасады. Жеӊiмпаздар республикалық спартакиадаға жолдама алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны