05.10.2017, 18:47 7338

Ақмола облысыныӊ әкімі балалар арасында футболды дамыту қажеттігін атап өтті

Кеше Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалин Көкшетау қаласындағы "Оқжетпес" футбол клубында спорт саласыныӊ басшыларымен, ойыншылармен және жанкүйерлермен кездесіп, олардыӊ пікірлері мен ұсыныстарын тыӊдады және қойылған сауалдарға жауап берді.

Көкшетау. 5 қазан. Kazakhstan Today - Кеше Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалин Көкшетау қаласындағы "Оқжетпес" футбол клубында спорт саласыныӊ басшыларымен, ойыншылармен және жанкүйерлермен кездесіп, олардыӊ пікірлері мен ұсыныстарын тыӊдады және қойылған сауалдарға жауап берді.

Өӊір басшысы өз сөзінде бүгінгі таӊда аталмыш футбол клубыныӊ жағдайы сын көтермейтінін, турнир кестесініӊ соӊғы сатысынан орын тепкен команданыӊ ойыны жұрттыӊ көӊілінен шықпайтынын атап өтті.

- Бұл жағдаймен футбол жанкүйерлері келіспейтінін жақсы түсінемін. Ол жөнінде аға ұрпақ өкілдерініӊ хатымен де таныс-тым. Осы келеӊсіз жағдайға байланыс-ты футбол клубыныӊ директоры мен команданыӊ бас бапкері өз өтініштерімен жұмыстарынан босады. Олар ұйымдастыру және жаттығу жұмысын дұрыс жолға қоя алмағанын атап өткен жөн. Алдағы уақытта клуб директоры мен бас жаттықтырушы мәселесін шешеміз. Бұдан бұрын аға ұрпақ өкілдерімен кездесуді де жөн көрген едім. Облыс әкімдігі өз тарапынан барлық жағдайды жасауда. Футбол клубы толық қаржыландырылып, еӊбекақы мен іссапарлар ақысы уақытында төленуде. Жанкүйерлер футбол командасыныӊ Көкшетау қаласында ойнамайтынына келіспеушілік білдірген еді. Жедел түрде ойын алаӊы мәселесін де шештік. 15 қазаннан бастап матчтар жергілікті стадионда өткізілетін болады. Алдымен, "Оқжетпес" "Тараз" командасын қабылдайды. Ойыншылар біріншіліктіӊ соӊғы кездесулерінде жанкүйерлер үмітін ақтайды деп сенемін,-деген облыс басшысы бірқатар аға ұрпақ өкілдерініӊ сөзіне құлақ түрді. Футбол жанкүйері Лев Маар өз сөзінде биыл жергілікті стадионныӊ ашылғанына 60 жыл, футбол клубыныӊ құрылғанына 50 жыл толып отырғанын айтты.

- Ардагерлердіӊ облыс әкіміне хат жазуына команданыӊ Көкшетау қаласында ойнамайтыны, облыстық футбол федерациясы жұмысыныӊ сылбырлығы және жергілікті ойыншылардыӊ аздығы түрткі болды. Бүгінгі таӊда "Оқжетпес" футбол командасына Премьер-Лигадан шығып қалу қаупі төніп тұр. Осы орайда, футбол клубына жаны ашитын жергілікті басшылар мен ойыншылардыӊ мәселесі дұрыс шешілсе деген ұсынысымыз бар,-деген ол өзініӊ осы саладағы отыз жылдық тәжірибесімен бөлісті. Облыс әкімі өз сөзінде команданыӊ бас жаттықтырушысы сырттан, оныӊ көмекшісі жергілікті жерден тағайындалатынын атап өтті.

- Қазір команда құрамында жергілікті жердіӊ бес ойыншысы ойнайды. Алдағы уақытта олардыӊ саны көбейеді. Сөйтіп, өз ойыншыларымызды тәрбиелей бастаймыз. Былтырғы жылы турнир кестесініӊ бесінші сатысынан көріндік. Бұған жақсы ойын өрнегін көрсеткен сырттан келген ойыншылар өз ықпалын тигізді. Олардыӊ еӊбекақысы 20 пайызға қысқартылды. Өзге клубтарда да сырттан келген легионерлердіӊ саны көп. Бұл орайда, облыстық футбол федерациясы мықты болуы керек. Сондықтан, аталмыш федерация төрағалығына Көкшетау қаласыныӊ әкімі Ермек Маржықпаевты ұсынамын. Федерация жанынан қадағалау кеӊесін құру керек. Оныӊ құрамында футболдан хабары бар адамдар болуы қажет,-деді өӊір басшысы. Кездесу барысында Рашид Ғайнуллин мен Виктор Павленко сияқты ардагер жанкүйерлер футбол клубыныӊ тарихына тоқталып, ойынды жақсарту жөнінде өз ұсыныстарын айтты. Олар клуб басшылығына футбол мектебініӊ директоры Марат Төкеевті ұсынды. Облыс басшысы өз сөзінде футбол клубыныӊ бюджеті жөнінде де айтып өтті.

- Клуб легионерлері жақсы ойын өрнегін көрсету үшін бюджеттіӊ болуы шарт. Іссапарларға қомақты қаржы жұмсалады. Команда Астана қаласыныӊ стадионын жалға алды, қонақ үйде тұрып, шет елдерде жаттықты. Клубтыӊ материалдық-техникалық базасын жақсарту қажет. Егер клуб бірінші лигаға түсіп қалатын болса, бюджеті азайтылады. Бірақ, жергілікті футболдыӊ дамуына қолдау көрсетіледі. Ойынныӊ нәтижелеріне қатаӊ талап қойылады. Балалар арасында футболды, сондай-ақ, ересектердіӊ футзалын дамыту қажет,-деді одан әрі облыс әкімі. Кездесу соӊында команда капитаны Илібек Бөлешев пен Тимур Досмағанбетов қалған бес ойында турнир кестесін өзгертуге тырысатындарын айтты. Бұдан кейін сөз сөйлеген спорт мамандары атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, футболды дамыту жөнінде өз ойларын ортаға салды. Кездесуді қорытындылаған өӊір басшысы спортты дамытуға жергілікті кәсіпкерлерді тарту қажеттігін де баса атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны