17.10.2017, 17:48 7133

Ақмола облысыныӊ "Оқжетпес" футбол командасы "Таразды" 2:1 есебімен жеӊді

"Оқжетпес" жанкүйерлерiнiӊ арасында Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин де болды

Көкшетау. 17 қазан. Kazakhstan Today - "Оқжетпес" командасы жаӊартылған стадионда Тараздыӊ футбол командасын жеӊдi. Осыған дейiнгi матчтарды өзге алаӊда өткiзiп келген "Оқжетпес" ойыншылары ащы жеӊiлiстен көз ашпаған болатын. Бұл жолы оқжетпестiктер күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлген өз стадионында "Тараз" командасын қабылдады. Стадионға жиналған "Оқжетпес" жанкүйерлерi сүйiктi командасына ерекше қолдау бiлдiрдi. "Оқжетпес" жанкүйерлерiнiӊ арасында Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин де болды. Осындай қолдаудыӊ арқасында көкшетаулықтар қонақтардан 2:1 есебiнен басым түстi. Келесi кездесудi "Оқжетпес" ФК өз алаӊында Павлодардыӊ "Ертiс" командасымен өткiзедi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны