16.07.2018, 17:18 8745

Ақмола облысыныӊ Шортанды ауданы ат спортынан мерекелік шара өткізді

Айта кету керек, 6 жылдан астам ұлттық ат спорт түрлері бойынша жарыстар аудандағы басқа да спорт түрлері арасында лайықты дәстүрлі орын алатын болды.

Көкшетау. 16 шілде. Kazakhstan Today - Шортанды кентініӊ ипподромында Қазақстан Республикасыныӊ елордасы - Астана қаласыныӊ 20 жылдығына арналған ат спортынан мерекелік шара өткізілді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Ат спорты мерекесін өткізудіӊ мақсаты - халық арасында ұлттық және халықтық ат спорт түрлерін кеӊінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастырудыӊ маӊызды құралы ретінде, патриоттық тәрбиені және спорттық шеберлікті арттыру болып табылады. Сондай-ақ, адамныӊ физикалық, жеке үйлесімін қалыптастыру мақсатында моральдық-еріктік және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға, спортты дәріптеуге, салт атпен жүруге көӊіл бөлу. Аталған мереке "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ аясында "Ұрпақ парызы - ұлттық құндылықты жаӊғырту" инновациялық жоба ретінде ұсынылады.

Мерекелік шараныӊ бағдарламасында көкпар, 7 шақырымға жарыс, жорға, желісті аттар жарысы, тоқ-бәйге, аламан-бәйге, аударыспақ, қыз-қуу сынды түрлері бар.

Жарысқа ауданныӊ, Ақмола облысы қалаларыныӊ және Қазақстан Республикасыныӊ басқа өӊірлерінен келген, тиісті дайындықтан өткен және дәрігердіӊ рұқсаты бар қатысушылар ғана жіберілді.

Іс-шарада атақты қазақ балуандары Қажымұқан Мұӊайтпасов пен Балуан Шолақтыӊ жалғастырушысы, волейболдан және пауэрлифтингтен спорт шебері, гір тасын көтеру спорт шеберлігіне үміткер, күш сынаудан 4 мәрте әлем рекордсмені Сергей Цырульников өнер көрсетті. Сондай-ақ, ат спортыныӊ әуесқойлары Астана қаласыныӊ ұшқыштар авиациялық оқу орталығыныӊ көрсетілімдерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Ал, жарыстыӊ қорытындысы бойынша, жеӊімпаздар аудан басшысыныӊ алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кету керек, 6 жылдан астам ұлттық ат спорт түрлері бойынша жарыстар аудандағы басқа да спорт түрлері арасында лайықты дәстүрлі орын алатын болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны