12.10.2017, 16:35 8199

Ақмола облыстық ішкі істер департаменті ардагерлер арасында спартакиада өткізді

Онда құқық қорғау органы ардагерлері волейбол, стол теннисі, дойбы және мини-футболдан өзара күш сынасты.

Көкшетау. 12 қазан. Kazakhstan Today - Қарттар айлығына орай Ақмола облыстық ішкі істер департаменті ардагерлер арасында спартакиада өткізді.

Онда құқық қорғау органы ардагерлері волейбол, стол теннисі, дойбы және мини-футболдан өзара күш сынасты.

Дойбы жарысында Зеренді ауданынан келген ішкі істер органыныӊ ардагері Жасұлан Ғабдуллин жеӊіске жетсе, стол теннисінен бурабайлық Базарбай Қылдияров жеӊіс тұғырына көтерілді. Мини-футболдан облыстық ішкі істер департаменті аппаратыныӊ ардагерлері қарсыластарыныӊ бәрін жеӊіп, биіктен көрінді. Екінші орынды бурабайлықтар қанжығасына байласа, Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасыныӊ ардагерлері үшінші орынды қанағат тұтты. Жарыс жеӊімпаздары кубоктармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны