26.04.2017, 16:05 4876

АҚШта өткен зілтемір көтеруден әлем чемпионатында Қызылорда тумасы күміс жүлде иеленді

Дүбірлі бәсекеде 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қызылорда облысы тумасы Елдос Ермаханов 172,5 келі көтеріп, күміс жүлдені иеленді.

Қызылорда. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Киллин (АҚШ) қаласында зілтемірді жатып сығымдап көтеруден әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі бәсекеде 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қызылорда облысы тумасы Елдос Ермаханов 172,5 келі көтеріп, күміс жүлдені иеленді.

Елдос енді мамыр айында Литваныӊ Каунас қаласында өтетін әлем чемпионатына облыс құрамасымен бірге дайындалады.

Осы жарысқа Роман Ковалев пен Бақытбек Рысбаев дайындаған Елдос халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бұған дейін 9 дүркін Қазақстан чемпионы, 2 дүркін Азия чемпионы, жастар арасында әлем чемпионы атанған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны