12.07.2018, 18:53 5414

Алматы қаласыда мешітке келуші жамағаттары арасында қазақ күресінен турнир өтеді

Жарыс Астана қаласыныӊ 20 жылдығына арналады. Боз кілем бәсекесі 75 дейін және 75 жоғары салмақ дәрежелерінде өтеді.

Алматы. 12 шілде. Kazakhstan Today - Шілденіӊ 14-і күні алып шаһарда мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінде "Асыл мұра" бағдарламасы аясында мешітке келуші жамағаттар арасында қазақ күресінен турнир өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Жарыс Астана қаласыныӊ 20 жылдығына арналады. Боз кілем бәсекесі 75 дейін және 75 жоғары салмақ дәрежелерінде өтеді.

Қатысу тегін. Кез келген қатысушы Алматы мешіттерініӊ жамағаты болуы тиіс.

Тіркелу шілденіӊ 13-і дейін келесі нөмірлер бойынша жүргізіледі.

8-747-304-67-97- Досжан

8-707-822-54-96 - Болат

Жеӊімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль және ақшалай сыйлықтарға ие болады. Бірінші орын үшін 250 мыӊ теӊге, екінші орынға 125 мыӊ теӊге, үшінші орын үшін 50-50мыӊ теӊгеден бөлінеді.

Өткізілетін орын: Ақсай-1 ықшам ауданы, 10 үй, МЖСШМ

Басталуы:сағат 10:00-де.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны