22.06.2018, 16:10 7762

Алматы көкпаршылары Қазақстан чемпионатыныӊ алдында жаӊа формасын таныстырды

Айта кетер жайт, бұл чемпионатқа Қазақстанныӊ әр аймағынан келген командалар қатысатын болады. Алматыныӊ жаӊа клубы үшін бұл біріншілік алғашқы болмақ.

Алматы. 22 маусым. Kazakhstan Today - Алматы көкпаршылары Астанада маусымныӊ 29-ы мен шілденіӊ 6-і аралығында өтетін Қазақстан чемпионатыныӊ алдында жаӊа формасын таныстырды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Жаӊа киім үлгісі қою қоӊыр түсте әзірленген. Екі жеӊі мен бөрікте ұлттық нақыштағы ою-өрнектер тоқылып, кеудесіндеАлматы қаласыныӊ логотипі және ойыншыныӊ нөмірі орналасқан.

"Бұл форма өте әдемі шыққан. Бізге ұнады. Енді біз алдағы чемпионаты ұтуымыз керек. Қазір Алматы ипподромындакүніне екі рет дайындалудамыз", - деп Алматы ойыншысы Омархан Есімхан өз ойымен бөлісті.

Айта кетер жайт, бұл чемпионатқа Қазақстанныӊ әр аймағынан келген командалар қатысатын болады. Алматыныӊ жаӊа клубы үшін бұл біріншілік алғашқы болмақ. Оныӊ құрамасында жас әрі тәжірибелі көкпаршылар өнер көрсетеді. Олар:Нұрсұлтан Молберген, Асқар Оӊғарбаев, Айтбек Нартай, Қайыржан Сүлейменов, Елдос Тлебалдиев, Абай Ережеп,Омархан Есімхан, Айбек Болатов, Түймебек Жұмалиев, Арман Жамалбеков, Мұқағали Төреқұлов, Берік Мырзахметов.

Сонымен қатар, көкпардан бөлек өзара мықтыны аударыспақ палуандары да анықтайтын болады. Алматы қаласыныӊ намысын Уәлихан Рүстембек (80 кг дейін), Ерлан Тойымбетов (90 кг дейін) және Мұратәли Тезекбаев (+90 кг) қорғайтын болады.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны