28.08.2017, 17:56 8487

Алматы облысы Жамбыл ауданы "Көкбастау" атшабарында ұлттық ат спорты түрлерінен жарыстар өтті

Жарысқа еліміздіӊ түкпір-түпкірінен және көрші мемлекеттерден жалпы саны 200-ден астам сүйгүлік қатыстырылды.

Талдықорған. 27 тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін облыс әкімдігініӊ ұйымдастыруымен Алматы облысы Жамбыл ауданы "Көкбастау" атшабарында Конституция күніне және Халықаралық мамандандырылған "Астана ЭКСПО - 2017" көрмесіне орай ҚР Президентініӊ жүлдесі үшін ұлттық ат спорты түрлерінен жарыстар өтті. 199 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан осынау шара Елбасы Н.Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласында айтылған негізгі идеяны жүзеге асырудыӊ бірден-бір жарқын көрінісі болды.

Жарысқа еліміздіӊ түкпір-түпкірінен және көрші мемлекеттерден жалпы саны 200-ден астам сүйгүлік қатыстырылды.

Нәтижесінде 1 орынға Жамбыл ауданыныӊ атынан топқа түскен "Көӊілашар" жүйрігі келді. Жеӊімпазға 200 000 тг қаржылай сыйлық табысталды. 2 орынды Қарасай ауданыныӊ намысын қорғаған "Айшық" атты жүйрігі иеленді. Оған 150 000 тг табысталды. 3-ші болып келген Жамбыл облысыныӊ "Арабелла" атты жүйрігі иесіне 100 000 теӊгеніӊ сыйақысын алуына мүмкіндік туғызды.

Топ бәйгеде 1 орынды Қырғызстан Республикасынан жеткізіліп, топқа қосылған "Байторы" атты сәйгүлік иеленді. Жеӊімпазға Нива автокөлігініӊ кілті табысталды. 2 орынды иеленген Қарасай ауданыныӊ "Қозыкүреӊ" атты жүйрігініӊ иесі Лада Гранта автокөлігініӊ кілтіне ие болды. 3-ші болып Қырғызстанныӊ "Қарақұсы" келіп, 150 000 теӊгені жеӊіп алды.

11 шақырымдық құнан бәйгеде 1 орын - "Витязь", Жамбыл облысы, Лада Гранта көлігі; 2 орын - "Айару", Алматы қаласы, 150 000 тг; 3 орын - "Томирис", Жамбыл ауданы, 120 000 тг.

9 шақырымдық жорға жарысында 1 орын - "Элегант", Шығыс Қазақстан облысы, Лада Гранта автокөлігі; 2 орын - "Жойқын", Жамбыл ауданы, 150 000 тг; 3 орын - "Патрол", Райымбек ауданы, 120 000 тг.

Ал жарыстыӊ төресі саналатын Аламан бәйгеде 1 орын Қарасай ауданыныӊ "Ақтабан" атты жүйрігіне бұйырды. Жеӊімпазға УАЗ Патриот автокөлігініӊ кілті табысталды. 2 орынға Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ "Керідауыл" сәйгүлігі жайғасты. Иесіне Нива автокөлігініӊ кілті сыйға берілді. Сондай-ақ үшінші орынға Лада Гранта, төртінші және бесінші орындарға қаржылай сыйлықтар табысталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны