28.04.2018, 01:17 6190

Алматы облысында Парапланерлық спорттыӊ дәлме-дәл қону түрінен Илем кубогы өтеді

Жетісу жерінде парапланерлық спорттанөтетін Илем кубогына 15 мемлекет қатысады. Халықаралық чемпионат 4 мамыр күні басталады.

Талдықорған. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Жетісу жерінде парапланерлық спорттанөтетін Илем кубогына 15 мемлекет қатысады.

Халықаралық чемпионат 4 мамыр күні басталады.

Биыл Алматы облысында Парапланерлық спорттыӊ дәлме-дәл қону түрінен Илем кубогы өтеді. Бұл туралы шара ұйымдастырушылары - Экстремалды спорт федерациясыныӊ жетекшісі Игорь Виршки, Экстремалды спорт федерациясы жетекшісініӊ орынбасары Сәбина Азамбаева, бапкер, спорт шебері Игорь Коренскийдіӊ қатысуымен Өӊірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Экстремалды спорт федерациясыныӊ жетекшісі Игорь Виршкидіӊ сөзінше, әлем чемпионаты Жоӊғар Алатауында 4-6 мамыр аралығында ұйымдастырылады. Таудыӊ орналасуы әуеде ұшуға қолайлы алаӊ болып табылады.

"Шалғай аймақта әлемдік деӊгейдегі шара неге өткізіліп жатыр деген сауал туындауы мүмкін. Оныӊ басты себебі 2016 жылы өӊірде Азия чемпионаты, одан бұрын 2015 жылы Азия чемпионаты алдындағы жарыстыӊ өтуі. Халықаралық аэронавтика қауымдастығы біздіӊ ұшу орындарын, сайыстарды ұйымдастыру мен дайындық деӊгейін өте жоғары бағалады. Сондықтан, мамыр айында Илем кубогын өткізу құрметі ұсынылды", - деп атап өтті Игорь Виршки.

Илем кубогында Үндістан, Чехия, Корея, Косово, Моӊғолия, Кипр, Румыния, Сербия, Словения, Түркия, Украина сияқты т.б. 15 шет мемлекеттен 100-ден астам спортшы қатысады.

Спорттық шараныӊ серіктесі болып табылатын Өӊірлік кәсіпкерлер палатасы халықаралық деӊгейдегі оқиғаныӊ орын алуы аймақта аэротуризмніӊ дамуына жаӊа серпін беретініне сенімді.

Жалпы іс-шара Экстремалды спорт федерациясы, Қазақстан авиациялық спорты федерациясы және Алматы облысыныӊ Кәсіпкерлер палатасыныӊ ұйымдастыруымен өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны