05.04.2017, 12:43 5609

Алматы облысында спорт саласына 2017 жылы 6 млрд. теӊге бөлінген

Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов кеше "Жетісу" футбол клубы мен "Жетісу" волейболдан әйелдер клубыныӊ жаттықтырушыларымен және басшылық құрамымен кездесті. Кездесуде облыс басшысы екі клубтыӊ да ойын көрсеткіштерініӊ төмендігін сынға алып, клуб басшылығыныӊ алдына нақты міндеттер қойды.

Талдықорған. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов кеше "Жетісу" футбол клубы мен "Жетісу" волейболдан әйелдер клубыныӊ жаттықтырушыларымен және басшылық құрамымен кездесті. Кездесуде облыс басшысы екі клубтыӊ да ойын көрсеткіштерініӊ төмендігін сынға алып, клуб басшылығыныӊ алдына нақты міндеттер қойды.

Облыс әкімі А. Баталов Алматы облысыныӊ жұртшылығы өӊірдегі футбол мен қыздардыӊ волейбол командасыныӊ жағдайына алаӊдап, осы мәселе туралы жиі сұрайтынын айтты.

- Қаржыландыру жағынан бір тиын да кеміткен жоқпыз, қажетті қолдау шараларын барынша көрсетіп келеміз. Соған қарамастан жұмыстыӊ нәтижесі жоқ. Осыған дейін 7 мәрте республика чемпионы болған, 8 мәрте Қазақстан Кубогын иеленген, әлемніӊ үздік командаларыныӊ алғашқы 20-лығына енген волейболдан "Жетісу" әйелдер командасы өткен жылы 2-орын, биыл 3-орынды місе тұтып келеді. Мұныӊ себебін немен түсіндіресіӊдер? - деп волейбол клубыныӊ басшылығына сұрақты төтесінен қойды.

Жалпы әйелдер кәсіби клубына биылғы жылы 300 млн. теӊгеден астам қаржы бөлінген. Дегенмен команда құрамынан шығып кеткен ойыншылардыӊ орнына жаӊа құрама жасақтаудағы кемшіліктер мен жаттығу процесініӊ әлсіздігі, клуб басшылығы тарапынан қатаӊ талаптыӊ болмауы команда ойыныныӊ құлдырауына әкеп соққан.

Облыс әкімі Қазақстанныӊ волейболдан әйелдер құрамасыныӊ негізгі базасын "Жетісу" командасынан жасақтау жоспарланып отырғанын, ол үшін аса талантты спортшы әрі Қазақстан құрамасыныӊ бас бапкері Вячеслав Шапран "Жетісу" клубыныӊ бас жаттықтырушылығын қатар атқарып, клубтыӊ деӊгейін көтеруге белсене кірісетінін жеткізді. Бұл бастама Волейбол федерациясыныӊ басшылығымен келісілгенін, ендігі жерде үздік өнер көрсетуге міндетті екендіктерін қадап айтты. Айта кетсек, құраманы В. Шапран басқарған шақта 2013-2015 жылдар аралығында волейболдан қыздар командасы Қазақстан Кубогы мен чемпионатында 1-орын, ал 2013 жылы Азия чемпионатында 2-орын иеленген болатын.

В. Шапран өз кезегінде бүгінгі күні команда құрамына жаӊа ойыншылар алу процесі жүріп жатқанын, жаттығу кестесі әзірленгенін айтты.

Облыс әкімі А. Баталов жаӊа басшы В. Шапранға "Жетісу" волейбол клубыныӊ жаттықтырушылар құрамын қайта електен өткізіп, алдағы жылы ел чемпионы болу туралы талабын жүктеді.

Сонымен қатар жиында "Жетісу" футбол клубыныӊ жұмысын жолға қою мәселесі де сөз болды. Жалпы биылғы жылы бұл клубқа облыс бюджетінен 1,6 млрд. теӊге қарастырылған.

Клубта орын алған бейберекетсіздік туралы облыс әкімініӊ орынбасары Серік Тұрдалиев баяндады:

- Сіздіӊ тапсырмаӊызбен клубтыӊ жұмысына жүргізілген тексеру барысында бірқатар заӊсыздықтар анықталды. 2010 жылдан бері жымқырылған қаржы көлемі 1,2 млрд. теӊгені құраған. Оған қоса тек қана айыппұл төлеу мен сот шығындарыныӊ өзіне 980 млн. теӊге жұмсалды. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды. Облыс бюджетінен 2015-2016 жылдары бөлінген қаржы тек қана қордаланған қарыздарды төлеуге жұмсалды. Клубтыӊ қатысуымен сот процестерініӊ үздіксіз жүруі ойынныӊ сапасына өзініӊ кері әсерін тигізді. Еӊ бастысы қазір клубтыӊ жұмысын тәртіпке келтірдік, жемқорлықты тоқтаттық, - деді С.Тұрдалиев.

Облыс әкімі А. Баталов "Жетісу" ФК-ніӊ жаӊа басшысы С.Мұқановқа клубта еӊ бастысы қаржылық тәртіп болуын, команда құрамын зерттеп, іске дендеп кірісуді тапсырды.

Облыстағы жалпы спорт саласыныӊ аяқалысы да сынға алында.

- Өӊірдегі спорттан жаӊа есімдер неге шықпайды? Футбол мен волейболдан бөлек қазақ күресінен, қысқы спорттан, ауыр атлетикадан, спорттыӊ басқа да түрлерінен нәтижелі жұмысты көріп тұрған жоқпын. Осы сыннан қорытынды шығаратын бол, - деді А. Баталов облыстық спорт басқармасыныӊ басшысы Т. Шарапиевке.

"Біз спортқа балаларды жастайынын бейімдеп, тәрбиелеуіміз керек. Олардан мықты ойыншы шығару үшін кем дегенде он жыл кетеді. Бұл процесс бізде үздіксіз жүруі керек. Міне, сеніӊ айналысуға тиіс жұмысыӊныӊ маӊыздысы да осы болуға тиіс", - деді А. Баталов спорт басқармасыныӊ басшысына қаратып. Сонымен қатар волейбол мен футболдан күні ертеӊ біздіӊ негізгі құрамамызды қалыптастыратын балалар клубын дамытып, бүгінгі жеткен жетістіктерін еселеуді, ойнау машықтарын одан әрі жетілдіруді тапсырды.

Жиын соӊында А. Баталов еӊ бастысы - қос клубта да қаржылық заӊдылықтарды сақтау, ойыншыларды сапалы іріктеу және жаттығу процесін үздіксіз жүргізу өзініӊ нәтижесін беретінін атап айтты. "Жетісу" әйелдер волейбол клубына келесі жылы Қазақстанныӊ чемпионы болуды, ал "Жетісу" футбол командасына биылғы жылы бірінші лигадан Премьер-лигаға көтеріліп, 2018 жылы Премьер-Лигада 3-5 орындардан көрінуді міндеттеді.

Атап өтсек, жалпы облыстағы спорт саласына 2017 жылы 6 млрд. теӊге бөлінген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны