28.09.2016, 22:02 6871

Алматыда 2017 жылғы Универсиадаға еріктілерді іріктеу басталады

Қазіргі уақытта Алматыдағы университеттерде Универсиаданыӊ еріктілер қозғалысы туралы таныстырылмдар өткізілуде, алдыӊғы қатарлы ЖОО-мен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.

Алматы. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 28-ші қысқы Универсиадаға еріктілерді іріктеу жұмыстары басталды. Қазір Алматы Университеттерінде дирекция қызметкерлері алдағы халықаралық жарыстыӊ еріктілер қозғалысы туралы таныстырылымын жасауда, деп хабарлады Универсиадаға дайындық және оны өткізу туралы дирекция.

Қазіргі уақытта Алматыдағы университеттерде Универсиаданыӊ еріктілер қозғалысы туралы таныстырылымдар өткізілуде, алдыӊғы қатарлы ЖОО-мен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. Бұдан бөлек, Универсиада сайтында өтініштер қабылдау жалғасуда және үміткерлермен танысу өтуде. Оларды алдағы бұқаралық, мәдени, спорттық және де басқа шараларға тарту жөнінде жұмыстар жүргізілуде, деп баспасөз қызметі хабарлады.

"Универсиадаға дайындық барысында еріктілер тренингтерден өтіп қана қоймай, олардыӊ көшбасшылық және ұйымдастырушылық қасиетін дамыту үшін түрлі командалық ойындар, спорттық нысандарда квесттер ұйымдастырамыз. Еріктілерді тартуда бізге қазақстандық актерлар мен шоу-бизнес өкілдері көмектесуде", - деді 2017 жылғы Универсиадаға дайындалу мен өткізу дирекциясы басшысыныӊ орынбасары Камила Лұқпанова.

Дирекция мәліметінше, 2017 жылғы Универсиадаға әсіресе, Ресей, Германия, Беларусь, Польша, Корея, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания және Қырғызстаннан халықаралық еріктілер қызығушылық танытуда.

"2017 жылғы Универсиада кезінде 100 халықаралық еріктіні жұмылдыруды жоспарлаудамыз. Олардыӊ барлығы кез-келген ауа-райына арналған спорттық киіммен, тамақпен, ұялы байланыспен, қалада көлікпен еркін жүруге мүмкіндік алады. Эстафета Алауын іске асыруда, біз барлық халықаралық еріктілермен, өӊірлердегі белсенділермен тығыз байланыстамыз. Ерікті болғысы келетін кез-келген адам almaty2017.com сайтына кіріп, анкета толтыра алады", - деді 2017 жылғы Универсиадаға дайындалу мен өткізу дирекциясы басшысыныӊ орынбасары.

27 қыркүйектегі мәліметтерге сәйкес, Универсиаданыӊ ресми сайты арқылы 5000-нан астам үміткерлер тіркелген. Оныӊ 1300 өтініші - Алматы қаласы ЖОО-ныӊ студенттерінен келген. Жалпы, Универсиаданы ұйымдастыруға 3 мыӊ ерікті тартылмақ. Универсиада кезінде еріктілер 30 функционалды бағытта қызмет атқарып, Алматыға келген спортшыларға, бапкерлерге, делегаттарға және туристерге қажетті қызметті ұсынады.

Универсиада-2017 еріктісі болу үшін almaty2017.com/ru/anketa-volontera ресми сайтына кіріп ерікті анкетасын толтыру қажет, немесе, мынадай мекен-жайға хабарласқан жөн: Алматы, Байзақов көшесі,280 үй, Almaty towers, 1 қабат, байланыс телефондары: +7 707 4310188, +7 701 4802064.

Универсиаданыӊ Vkontakte порталындағы ресми еріктілер тобы: https://vk.com/almatyvolunteers2017

Универсиаданыӊ Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми еріктілер тобы: https://www.facebook.com/groups/almatyvolunteers2017

Универсиаданыӊ Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми еріктілер тобы: https://www.instagram.com/almaty2017volunteers

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны