Система Orphus

Алматыда 21 қазанда велошерудіӊ жабылу маусымы өтеді

18.10.2018, 18:27 6727

Алматы. 18 қазан. Kazakhstan Today - Қазанныӊ 21-і күні "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында велошерудіӊ жабылу маусымы өтеді. Бұл шара қазақстандық спорт журналисті Галина Полеваяға арналады, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Танымал қазақстандық спорт журналисті Галина Полевая 20 жыл бойы "Хабар" телеарнасында тілші болып қызмет атқарған. Қазіргі таӊда Галина онкологиялық аурумен күресіп жатыр. Оныӊ емделуіне кез- келген велошеру қатысушысы қаржылай көмектесуге мүмкіндігі бар.

Ал қала тұрғындары мен қонақтары таӊертеӊ сағат 09:00-де "Нұрлы Тау" бизнес орталығы маӊында жиналады. Олар 09:30-да велошеруді бастап Ил-Фабари даӊғылы бойымен жүріп 7,5 км қашықтықты бағындырады. Қатысушылар Тұӊғыш Президенті саябағында велошеруді аяқтайды.

Сондай-ақ, мәреде барлық қатысушылардыӊ арасында бағалы сыйлықтар мен 10 велосипедтер ойнатылады.

Ұйымдастырушылар өз тарапынан, қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығын ескертеді.

Айта кетер жайт, бұл велошеру "Спорттық Алматы" бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылған жоба аясында өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны