24.10.2018, 21:06 10605

Алматыда әртүрлі дін өкілдері спорттыӊ алты түрінен өзара мықтыны анықтады

500-ге жуық әртүрлі діни конфессиясыныӊ өкілдері шағын футбол, арқан тарту, қол күрес, гір көтеру, шаxмат және жеӊіл атлетикадан өз бақтарын сынады.

Алматы. 24 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда "Нархоз" университеті стадионында діни бірлестіктер күніне орай спорттыӊ алты түрінен жарыстар өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ xабарлайды.

500-ге жуық әртүрлі діни конфессиясыныӊ өкілдері шағын футбол, арқан тарту, қол күрес, гір көтеру, шаxмат және жеӊіл атлетикадан өз бақтарын сынады.

Еӊ қызығы шаxмат спортынан 8 жасар Дамир Иділбеков жеӊімпаз атанды. Ол ересектер арасында жалғыз бала болды.

Жеӊімпаздар мен жүлдегерлер әр спорт түрінен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл шара "Асыл мұра" бағдарламасы аясында мұсылмандардыӊ мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттау, дін өкілдерініӊ бірлігін арттыру мақсатында өткізілді.

"Асыл мұра" бағдарламасы қаладағы мешітке келуші жамағат арасында бұқаралық спортты дамытып, оларды салауатты өмір салтына бейімдеу мақсатында жүзеге асырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны