11.07.2018, 20:58 9019

Алматыда Астананыӊ 20 жылдығына орай дәстүрлі "Нұрсұлтан шыӊы" альпиниадасы өтті

Алматыда "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында 9 шілдеде Астананыӊ 20 жылдығына орай дәстүрлі 2А категориялық қиындықта "Нұрсұлтан шыӊы" альпиниадасы өтті

Алматы. 11 шілде. Kazakhstan Today- Алматыда "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында 9 шілдеде Астананыӊ 20 жылдығына орай дәстүрлі 2А категориялық қиындықта "Нұрсұлтан шыӊы" альпиниадасы өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

5000-нан астам 12 жастан асқан кез- келген қатысушылар 4376 метр биіктікті бағындыруға ниет білдіргенімен, тек 200-ден астамы ғана шыӊға шықты. Қатысушылардын арасында өзге мемлекет қонақтары, сондай-ақ Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Ибіл Дөӊбаев да болды.

Альпианиада басталған соӊ артынша "Шымбұлақ" таушаӊғысы курортында скайраннинг спортынан бірнеше жас айырмашылық бойынша Қазақстан чемпионаты өткізілді. 100-ден астам спортшы өз бақтарын сынап көруге тырысты. Солардын бірі, жүлделі орын алған Рауан Ибілханов өз ойымен бөлісті.

"Дайындық тауда емес, қалада өтті. Өзім осы жарысқа жиі қатысамын. Маған жүгірген өте ұнайды. Бүгін өз жасым бойынша бірінші, ал, "абсолютте" үшінші орын алдым. Уақытым 1 сағат 53 минут", - деді әскери институтынын сержанты Рауан Ибілханов.

Барлық жүлдегерлер мен жеӊімпаздар медальдармен, ал альпиниада қатысушылары сертификатпен марапатталды.

Бұл іс-шараныӊ ашылу салтанатында еліміздіӊ белгілі альпинисі Мақсұт Жұмаев қонақтарды Астана күнімен құттықтап, альпинизммен айналысуға кеӊес берді. Артынша бұл мереке әншілердін өнерлерімен жалғасты.

Айта кетер жайт, "Шымбұлақ - Нұрсұлтан шыӊы" альпиниадасы салауатты өмір салтын ұстану және жастар арасында спортты дамыту мақсатында жыл сайын өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны