19.10.2018, 20:26 8100

Алматыда балалар мен жасөспірімдерге арналған "Жас Қыран" футбол орталығы ашылады

Футбол ордасы 1964 жылы бой көтерген Қазақстандағы танымал алматылық №2-ші мамандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебініӊ базасында құрылды.

Алматы. 19 қазан. Kazakhstan Today - Қазанныӊ 20-ы күні Алматыда балалар мен жасөспірімдерге арналған "Жас Қыран" футбол орталығыныӊ ашылу салтанаты өтеді, деп ақпараттық- спорттық ХАБ хабралайды.

Футбол ордасы 1964 жылы бой көтерген Қазақстандағы танымал алматылық №2-ші мамандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебініӊ базасында құрылды. Мемлекеттік жекешелендіру серіктестігі бағдарламасы аясында Алматы әкімдігімен "Балалар мен жасөспірімдер футбол орталығы "Жас Қыран" ЖШС арасында келісім шарт жасалып, спорт кешенінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазір бұрынғы ескі "Спутник" кешені заманауи жаӊа футбол орталығына айналды. Стадионда 800 адамға арналған қоршалған ыӊғайлы трибуналар, ал оныӊ астында көптеген бөлмелер орналасқан. Айналасы көгалдандырылған арнайы Италиядан алынған соӊғы үлгідегі ФИФА-мен сертификаттандарылған дренажды жүйесі бар жасанды футбол алаӊы мен спорт алаӊдары орталықтыӊ әдемі келбетін келтірді. Бұл орталықта 500-ге жуық балалар дайындалып, ал олардыӊ жаттығу үрдісіне 25 бапкер қадағалайтын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны