22.10.2018, 15:28 9919

Алматыда балалардыӊ заманауи футбол орталығы ашылды

Алматыда "Спутник" стадионыныӊ қайта жаӊарту жұмыстарынан кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған "Жас Қыран" футбол орталығыныӊ ашылу салтанаты өтті.

Алматы. 22 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда "Спутник" стадионыныӊ қайта жаӊарту жұмыстарынан кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған "Жас Қыран" футбол орталығыныӊ ашылу салтанаты өтті.

Орталықты ашудағы мақсат - жасөспірімдер арасындағы салауатты өмір салтын насихаттау, тәжірибе алмасу және спорттық шеберлігін көтеру, балалар мен жасөспірімдер арасындағы футболды дамыту.

Жаӊартылған стадионда 800 адамға арналған қоршалған ыӊғайлы трибуналар, ал оныӊ астында көптеген бөлмелер орналасқан. Айналасы көгалдандырылған арнайы Италиядан алынған соӊғы үлгідегі ФИФА сертификаттаған дренажды жүйесі бар жасанды футбол алаӊы мен спорт алаӊдары орталықтыӊ әдемі келбетін келтіруде.

Бұл жерде 500-ден астам жас футболшылар дайындалуға мүмкіндік алады. Орталықта 50 бапкер жұмыс атқарады.

"Барлықтарыӊызды керемет мерекемен құттықтаймын! Осындай бастамалар үшін алғыс білдіремін. Бұныӊ барлығы Елбасымыздыӊ спортты дамыту саясатыныӊ арқасында жүзеге асырылуда", - деді Қазақстан футбол федерациясыныӊ президенті Иділбек Жақсыбеков.

Айта кетсек, жылдын басынан қалада "Спорт меніӊ ауламада" жобасы аясында 18 мыӊ адам спортпен шұғылдануда. Сондай-ақ, жеке спорттық мекемелердіӊ қолдауымен "Батыл бол" жобасы іске қосылды. Бұл жоба жағдайы төмен отбасыларға спортпен шұғылдануға мүмкіндік сыйлады.

"Біздіӊ Елбасымыз өзініӊ Қазақстан халқына деген жолдауында спорттыӊ дамуына аса көӊіл бөліп, спорттық құрылымдардыӊ жаӊартуына байланысты бірнеше бағытта тапсырма берген болатын. "Жас Қыран" футбол орталығы осы стадионды жаӊарту үшін үлкен жұмыстар атқарды. Өздеріӊіз білетіндей, Спутниктіӊ тарихы өте бай. Көптеген футбол жұлдыздары өздерініӊ кәсіби мансаптарын осы жерден бастаған болатын. Бұл жастарға жаӊа шабыт сыйлап, көптеген дарындардыӊ жолын ашады деп сенемін", - деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Оныӊ айтуынша, бүгінгі танда Алматы велотрегініӊ жаӊарту жұмыстары аяқталып қалды, ал келесі жылы 5 мыӊ адамға арналған жабық жеӊіл атлетика стадионы салынатын болады.

"Басты мақсат - балалар спорттан ләззат алып, еліміздіӊ патриоты болып өсуі. Ал футбол оларға және ата-аналарына тек бақыт сыйлап, әр өткізген ойын тек шаттыққа толы болса деген ниет", - дейді жоба бастамашысы, "Жас Қыран" БЖФО басшысы Берік Қаниев.

Орталықтыӊ ашылуына келген құрметті қонақтардыӊ арасында қазақ футболыныӊ ардагерлері, бапкерлер, танымал футбол мектептерініӊ қызметкерлері бар.

Салтанатты жиын аяқталған соӊ, "Арлан" ФК мен Қазақстан құрамасы арасында футбол матчы өтті. Көрермендер бұл ойынға қатысуышлар арасынан Евстафия Пехлеваниди, Вахид Масудов, Марат Есмұратов, Асхат Қадырқұлов, Руслан Балтиев, Дмитрий Бяков, Болат Есмағамбетов, Рафаэль Уразбахтин, Алмас Құлшынбаев, Игорь Авдеев, Сергей Савин сияқты танымал футболшылар мен бапкерлерді көре алды.

Естеріӊізге сала кетсек, жақында Қазақстан халқына жолдауында мемлекет басшысы әкімдерге 100 дене шынықтыру кешендерін салып, қазіргі бар спорт орталықтарын тиімді пайдалануға тапсырма берген еді.

Бұл футбол орталығы мемлекеттік жекешелендіру серіктестігі бағдарламасы аясында Қазақстандағы танымал алматылық №2-ші мамандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебініӊ базасында салынды. Совет өкіметі заманыӊда ол кездегі №3-ші МБЖОРМ футбол мектебі өздерініӊ түлектері және бапкерлерімен танымал болған.

Ескі орталықтыӊ қайта жөндеу жұмыстары Алматы әкімдігі мен "Балалар мен жасөспірімдер футбол орталығы "Жас Қыран" ЖШС арасындағы үзақ мерзімдегі келісім шарттыӊ арқасында жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, стадионныӊ ресми ашылу салтанатында Қазақстан Премьер-министрініӊ орынбасары Ерболат Досаев және Қазақстан Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлы болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны