01.08.2018, 10:26 5020

Алматыда бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында шағын футболдан ішкі турнир өтті

"Серіктес" локалдық кәсіподақ ұйымыныӊ ұйымдастыруымен "Алатау жарық компаниясына" қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында шағын футболдан ішкі турнир өтті.

Алматы. 1 тамыз. Kazakhstan Today - Шілде айыныӊ 28 күні Ұзыныағаш аудан орталығында "Серіктес" локалдық кәсіподақ ұйымыныӊ ұйымдастыруымен "Алатау жарық компаниясына" қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында шағын футболдан ішкі турнир өтті.

Жарысқа жалпы саны 13 команда қатысты.

Турнирдіӊ ашылу салтанаты Алматы қаласыныӊ "Аймақтық кәсіподақ бірлестігініӊ" өкілі Ержан Баянбаевтыӊ құттықтау сөзімен басталды, ол Қазақстан Республикасыныӊ Кәсіподақ Федерациясыныӊ төрағасы Бақытжан Ибдірайым мырзаныӊ және Алматы қаласыныӊ "Аймақтық кәсіподақ бірлестігініӊ" төрайымы Зәуреш Ибілқожақызыныӊ сәлемін жеткізе отырып, командаларға өтетін жарысқа сәттілік тіледі.

Салтанатты ашылуды "Серіктес" локалдық кәсіподақ ұйымыныӊ төрайымы Тоғайбекова Меруерт жалғастырып, аталмыш турнирдіӊ дәстүрлі түрде өтетінін мәлімдеп, кәсіподақ белсенділері үшін салауатты өмір салтын насихаттау "Серіктес" локалдық кәсіподақ ұйымы үшін бірінші кезекте екенін жеткізді.

Үлкен кубокті сарапқа салған командалар белсенді әрі тартысты ойын үлгілісін көрсетіп, жүлделі орын иегерлерін анықтады: 1 орынды №3 Электр тораптар ауданы (150 000 тенге), 2 орынды АРЭК құрама командасы (120 000 тенге), 3 орынды Жамбыл электр тораптар ауданы командасы (100 000 тенге) иеленді. "Үздік ойыншы" номинациясы Шамшатов И, "Үздік қорғаушы" номинациясы Қадырбаев Т.Б, "Үздік қақпашы" номинациясы Кенебаев Қ ойыншыларына бұйырды. Жүлделі командалар мақтау қағаздарымен, бағалы силықтармен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны