24.04.2018, 23:04 8339

Алматыда бірінші республикалық "Халық Барысы" турнирі өтеді

Алматыда мамырдыӊ 7-і мен 8-і күндері алғаш рет "Сұӊқар" халықаралық шаӊғы трамплинінде ұлттық спорт түрі белдесуден жарыс өтеді

Алматы. 24 сәуір. KazakhstanToday - Қазақстанныӊ әр аймағынан келген 1000-нан астам балуандар 20 миллион теӊгені сарапқа салады.Алматыда мамырдыӊ 7-і мен 8-і күндері алғаш рет "Сұӊқар" халықаралық шаӊғы трамплинінде ұлттық спорт түрі белдесуден жарыс өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Қала тұрғындары мен қонақтары белдесу спортыныӊ қайта жанданғаныӊ көріп, жаӊа спортшылардыӊ есімдерімен танысуға мүмкіндік алады. Бұл күрес түрі әлем бойынша Олимпиада ойындарына кірмейтін спорт түрлері қатарына ресми түрде еніп, ЮНЕСКО-ныӊ қолдауында.

Бұл спорттық шараныӊ салтанатты ашылу рәсімі мен соған арналған гала-концерт мамырдыӊ 7-і күні, еліміздіӊ отан қорғаушылар күні өтеді. Концерттік бағдарламада эстарада жұлдыздары Қайрат Нұртас, Мейрамбек Беспаев, Мадина Садуақасова, Ұшқын, Ерболат Құдайбергенов, Маржан Арапбаева және өзгеде әншілер ұлттық және жаӊа әндерін орындайтын болады. Ертеӊінде жарыс басталып, жеӊімпаздар анықталады. Бірінші республикалық "Халық Барысы" турнирі Алматы қаласы әкімдігініӊ қолдауымен ұйымдастырылады.

Белдесудіӊ ережесі: егер балуандардыӊ бірі жерге құлап қалса, не болмаса қолы, тізесі және де басқа да дене мүшелері жерге тисе оған жеӊіліс беріледі. Бұл күрес түрінде әдейі ауыртпалық жасауға, қылқындыруға болмайды. Керісінше, жамбас, қырқа шалу, кеудеден асыра лақтыру сынды әдістер қолданылады. Сонымен қатар, спортшылар аяқтан шалу, лақтыру, бір-бірін итеру әдістеріне жүгінсе болады. Қатысушылар тек тұрып, белден жоғары ғана ұстауға болады, одан төмен болса әдіс саналмай, сол балуан жеӊіліске ұшырайды. Бір белдесу бес минут созылады. Егер сол уақыт ішінде жеӊімпаз анықталмаса, қосымша үш минут беріледі. Егер сол үш минутта да жеӊімпаз анықталмаса, қатысушылар салмақ өлшеу рәсімін өтеді. Кімніӊ салмағы аз болып шықса, сол балуанға жеӊіс беріледі.

"Халық Барысы" ұлттық фестивалініӊ мақсаты ұлттық спорт түрлерін, ұлттық құндылық пен тарихи мұраны, және белдесу спортын қайта жанғырту, жастардыӊ спортқа деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

Айта кетер жайт, мамырдыӊ 7-і күні Алматыныӊ ипподромында "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында дәстүрге айналған "Ұлы дала ойындары" фестивалі өтеді. Үшінші жыл қатарынан өтетін фестивальде ат жарыстары мен ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылады. Олар, аламан бәйге, құнан бәйге, ұшқыр бәйге, жорға, сондай-ақ, теӊге ілу, жамбы ату, аударыспақ, қыз қуу, көкпар 3х3. Сонымен қатар, көрермендерге еліміздіӊ эстарада жұлдыздары ән салып, каскадерлар өз өнерлерін ортаға салады. Бұл спорттық шараныӊ ашылу салтанаты сағат 13:30-да.

Сонымен қатар, мамырдыӊ 1-і күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен "Алматы Барысы" турнирініӊ жалауы желбірейді. Басталуы 17:00-де.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны