12.07.2018, 20:13 5665

Алматыда бірінші түнгі велошеру өтеді

Иуесқойлар Ил-Фараби даӊғылымен көтеріліп, Тұӊғыш Президенті саябағында мәреге жетеді. Мәреде қатысушылардыӊ арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Басты сыйлық - велосипед.

Алматы. 12 шілде. Kazakhstan Today - Шілденіӊ 14-і күні алып шаһарда осы жылғы бірінші түнгі велошеру өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

"Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында өтетін велошерудіӊ қашықтығы 7 шақырымды құрайды. Кез келген қала қонақтары мен тұрғындары "Нұрлы Тау" бизнес орталығына кешкі 20:00-де жиналып, спорттық шара 20:30-да бастайды.

Иуесқойлар Ил-Фараби даӊғылымен көтеріліп, Тұӊғыш Президенті саябағында мәреге жетеді. Мәреде қатысушылардыӊ арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Басты сыйлық - велосипед.

Ұйымдастырушылар өз тарапынан, қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығын ескертеді.

Айта кетер жайт, бұл велошеру "Спорттық Алматы" қалалық бағдарламасыныӊ қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудіӊ оныншысы болып саналады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны