17.07.2018, 21:52 4869

Алматыда Дене шынықтыру және спорт басқармасыныӊ басшысы ауысты

2017 жылы Алматы құрамасы өз тарихында тұӊғыш рет Қысқы спартакиданыӊ жеӊімпазы, IV Жастар спартакиадасында үздігі атанып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. 2016 жылы Алматы қаласыныӊ құрамасы мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы спартакиадасында еӊ үздік атанды.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan Today - Денсаулығына байланысты белгілі спорт функционері Ибіл Дөӊбаев Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасыныӊ басшысы лауазымынан кетті. Бүгінгі күні, спорт басқармасы басшысыныӊ міндетін атқарушы қызметіне Рүстем Байсейітов тағайындалды, деп хабарлайды ақпараттық-спорттық ХАБ.

Айта кетер жайт, Ибіл Дөӊбаев басшылығымен Алматы қаласыныӊ дене шынықтыру және спорт басқармасы елеулі жетістіктерге жетті. 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша Алматы Ұлттық Олимпиада комитеті өткізген "Үздік спорттық аймақ" байқауына қатысып, еліміздіӊ еӊ спорттық аймағы атағына ие болды.

Ибіл Бекетұлыныӊ бастамасымен Алматы қаласыныӊ тұрғындарын жүйелі түрде спортпен айналысуға бағытталған "Спорт меніӊ ауламда", "Наурызбай ауданындағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды тәрбиелеу", "Белсенді ұзақ өмір" - қалалық аудандардыӊ зейнеткерлерін қолдап, коммерциялық фитнес орталықтар мен клубтарда тегін жаттығулармен қамтамасыз етуге бағытталған жаӊа әлеуметтік жобалар іске асырылды.

Сонымен қатар, 2017 жылы Алматы құрамасы өз тарихында тұӊғыш рет Қысқы спартакиданыӊ жеӊімпазы, IV Жастар спартакиадасында үздігі атанып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. 2016 жылы Алматы қаласыныӊ құрамасы мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы спартакиадасында еӊ үздік атанды.

Алматы қаласыныӊ тұрғындары мен спорт қоғамдастығыныӊ өкілдерініӊ пікірлері бойынша, қалада жүйелі түрде оқу-жаттығу і жиындары ұйымдастырылып, жоғары деӊгейдегі спорттық-сауықтыру шараларын дайындау және өткізу, сондай-ақ басқа да көптеген әкімшілік және тұрақты жұмыс жүргізілді.

Білікті басшыныӊ басқаруымен үстіміздегі жылдыӊ басынан бері 3 мыӊнан астам бұқаралық-спорттық шаралар ұйымдастырылды. Олардыӊ ішінде еӊ ауқымды жобалар - 2017 жылы өткен 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада, Алматы марафоны, "Алматы Туры" көпкүндік веложарысы, қазақ күресінен "Алматы барысы", Шымбұлақта "Тау және спорт фестивалі", "Ұлы Дала ойындары", футзалдан Еуропа кубогыныӊ финалы және тағы басқа да шаралар жоғары деӊгейде ұйымдастырылды.

Ибіл Бекетұлы басқарманыӊ басшысы қызметіне 2016 жылдыӊ 20 тамызында тағайындалған болатын. Алматы қаласыныӊ спорттағы табыстары мен жетістіктері қала әкімдігініӊ жан-жақты қолдауымен және Ибіл Дөӊбаев бастаған Дене шынықтыру және спорт басқармасыныӊ жұмысымен байланысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны