29.06.2018, 23:49 4812

Алматыда футболдан аула командалары арасындағы лига шілденіӊ 1-і күні өтеді

Аула лигасыныӊ басты мақсаты қала жастарыныӊ спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, осы спортты дамыту болып табылады.

Алматы. 29 маусым. Kazakhstan Today - Алматыда "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясындағы футболдан аула командалары арасындағы лига шілденіӊ1-і күні өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Теӊбіл доп додасы "Мaxi чай" өндіретін Galanzbottlers компаниясыныӊ қолдауымен AlmatyArena стадионында (Алғабас, 1-ші ықшамауданы) жасы 8-ден асқан кез келген ұлдар мен қыздар арасында ақысыз түрде олимпиадалық жүйе бойынша өтеді.

Бірінші "А" лигасына - 8-ден 14 жасқа дейінгі, ал, екінші "Б" лигасына - 15-тен жоғары жастар қатыса алады. Регламентке сәйкес әр командада 8 ойыншы болу керек.

Жарыс бағдарламасы: "А" лигасы - 08:00-де басталады, ал тіркелу 07:30-да, "Б" лигасы- 13:00-де, тіркелу 12:30-да өтеді.

Жеӊімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, сыйлықтарға ие болады, сонымен қатар, аула лигасыныӊ серіктесінен "Мaxi чай" сусындары таратылады.

Аула лигасыныӊ басты мақсаты қала жастарыныӊ спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, осы спортты дамыту болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны