15.06.2018, 23:19 9941

Алматыда қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған "Асыл мұра" бағдарламасыныӊ жаӊа маусымы басталды

Осы жарыстарға қатысушылар жігер танытып, әсіресе қошқар көтеруге әуес болды. Барлығы 3 қошқар ойнатылып, соныӊ бірін еркін күрес палуаны, ұлттык құраманыӊ мүшесі Ильяс Жұмай болды. Ол 40 кг салмақты қошқарды 205 рет көтеріп осы жерде рекорд орнатты.

Алматы. 15 маусым. Kazakhstan Today - Алматыда қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған "Асыл мұра" бағдарламасыныӊ жаӊа маусымы басталды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бүгін, "Ораза айт" мерекесініӊ бірінші күні жиналған 3000-нан астам орталық мешіт жамағатты осы бағдарламаныӊ ашылу салтанатына қатысты.

Олар концерттік бағдарлама және акробаттардыӊ өнерін тамашалап қана қоймай, қошқар көтеру, асық ату, бағанаға шығу, арқан тарту, гір көтеру спорт түрлерінен өз күштерін сынап, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Осы жарыстарға қатысушылар жігер танытып, әсіресе қошқар көтеруге әуес болды. Барлығы 3 қошқар ойнатылып, соныӊ бірін еркін күрес палуаны, ұлттык құраманыӊ мүшесі Ильяс Жұмай болды. Ол 40 кг салмақты қошқарды 205 рет көтеріп осы жерде рекорд орнатты.

- Осындай жарысқа бірінші рет қатысып отырмын.Жеӊгеніме қуаныштымын. Одан да көп көтеруге күшім жетер еді, бірақ барлығы бірауыздан жеӊісті маған бергендіктен жалғастырудыӊ мәні болмады. Өзім еркін күреспен 8 жастан бері айналысып келемін. Сондықтан болар, ауыр болмады, - деп Иляс Жұмай өз ойымен бөлісті.

Айта кетейік, сондай-ақ, мешітке келушілерге арнайы айт мейрамыныӊ мерекелік дастарханы жайылды.

Ертеӊ, маусымныӊ 16-ы күні осы бағдарлама аясында мешітке келуші жамағаттар арасында футбол лигасы басталады. Almaty Arena стадионында өтетін ойындарға барша Алатау ауданы мешіттерініӊ жамағаттары қатыса алады. Басталуы сағат 09:00-де.

Осы жолы лиганыӊ жалпы жүлде қоры 1 млн. теӊгені құрайды. Қатысу тегін.

Сонымен қатар, осы күні футболдан бөлек барша көрермендерге арналған тамақтану және белсенділік аймақтары да қызмет атқарады. Олар леӊгі тебу, бамперболдан өз бақтарын сынауға мүмкіндік алады.

Естеріӊізге салсақ, өткен маусымда осы футбол лигасыныӊ жеӊімпазы болып "Төле би" (Алмалы ауданы) мешіті атанған болатын. Ойындар әр сенбі және жексенбі сайын қаламыздыӊ футбол алаӊдарында күнтізбеге сәйкес өткізілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны