14.07.2018, 19:42 5981

Алматыда мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінде қазақ күресінен турнир өтті

Алматыныӊ мешітке келуші жамағаттары қазақ күресінен өткен турнирде 1 миллион теӊгені сарапқа салды.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan Today - Алматыныӊ мешітке келуші жамағаттары қазақ күресінен өткен турнирде 1 миллион теӊгені сарапқа салды.

Алматыда, мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінде "Асылмұра" бағдарламасы аясында мешітке келуші жамағаттар арасында қазақ күресінен турнир өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Жарыс 40 адамныӊ қатысуымен Астана қаласыныӊ 20 жылдығына арналып, екі салмақ дәрежесі бойынша өткізілді - 75 кг дейін және 75 кг жоғары.

Турнир ережесіне сәйкес кез келген қатысушы Алматы мешітініӊ жамағаты болғанымен, олар өздерініӊ күш жігерліктерін байқата білді. Тартысты әрі қызыққа толы күреске жиналған жанкүйерлердін де қарасы аз болмады. Ал, ортада төрешілік еткен "qazaqkuresi" спорт клубыныӊ 10 адамы болды.

Нәтижесінде 75 кг салмаққа дейінгі келушілердіӊ арасында Батырбек Жайсанбаев (Таугүл мешіті) жеӊімпаз атанды. Ол Ақсайлық Ердос Сихаевты ұтты. Үшінші орынға Бақдаулет Динбаев (Ай Абылай) пен Таӊірберген Күзембай (Искер Ата) жайғасты.

75 кг-ден кейінгі салмақ қатысушылары арасында Серік Карапасбаев (Ақсай) чемпион атанса, Дархан Сеитов (Фәтима), Хасен Ермекбаев (Искер Ата) және Ғалымжан Ибрагим (Ибраһим) жүлделі орындарға ие болды.

- Жарыс өте жақсы болды. Бәрі әділ өтті. Қарсыластарымыз қиын болды, бірақ мен тырыстым. Өзім жиі спорт кешендерде дайындалып, футбол ойнап тұрамын. Күреспен 9-ші сыныпқа дейін айналысқам. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін, - деп өз ойымен +75 кг жеӊімпазы Серік Карапасбаев (Аксай) бөлісті.

Жеӊімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль, сылықтар және ақшалай сыйлықтарға ие болады. Бірінші орын үшін - 250 мыӊ теӊге, екінші орынға 125 мыӊтеӊге, үшінші орын үшін 50-50 мыӊ теӊгеден бөлінді.

Айта кету керек, "Асылмұра" бағдарламасы Алматы қаласы мешіттеріне келуші жамағаттары арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Ирсенбі мен жексенбі сайын осы бағдарлама аясында қаланыӊ футбол алаӊдарында осы спорттан жарыстар ұйымдастырылады. Жарыстыӊ жалпы жүлде қоры 1 миллион теӊге.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны