01.07.2018, 22:48 4073

Алматыда өрт сөндірушілер мен құтқарушылардыӊ халықаралық турнирі аяқталды

Тартысқа толы жарыстардыӊ нәтижесінде жалпыкомандалық есепте ұлдар мен қыздар арасында бірінші орынға Беларусь Республикасыныӊ спортшылары, ал, екінші орынға Қазақстан құрамасы ие болды. Өзбекстанныӊ жігіттері мен Қазақстанныӊ екінші құрамасындағы қыздар қола жүлдегер атанды.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда ҚР ІІМ ТЖК "Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы" Қоғамдық бірлестігі кубогына арналған халықаралық турнир аяқталды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бұл жарыс "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында өткізіліп спорт федерациясыныӊ 10 жылдығы және Қазақстандағы өрттен құтқару спортыныӊ ашылуына 60 жылдығына арналды.

Оған еліміздіӊ 10 өӊірі және Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Моӊғолия мемлекеттері қатысты.

Турнирдіӊ бағадарламасына құтқару сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілер алабын өту, өрт сөндіру эстафетасы 4х100 метр, әскери өрістету кірді.

Тартысқа толы жарыстардыӊ нәтижесінде жалпыкомандалық есепте ұлдар мен қыздар арасында бірінші орынға Беларусь Республикасыныӊ спортшылары, ал, екінші орынға Қазақстан құрамасы ие болды. Өзбекстанныӊ жігіттері мен Қазақстанныӊ екінші құрамасындағы қыздар қола жүлдегер атанды.

-Бұл біз үшін қыркүйек айында Бистрецте өтетін әлем чемпионатыныӊ алдындағы жарыс болды. Нәтижемізге өте ризамыз. Қарсыластарымыз да жаман емес. Енді біз сол әлем додасын тағы бір мәрте жеӊсек дейміз, - деп Беларусь Республикасыныӊ қыздар құрамасы мүшесі Наталья Казанцева өз ойымен бөлісті.

Сонымен қатар, төрт күнге созылған бұл турнирде барлық аталған спорт бойынша еліміздіӊ рекорды жаӊарды. Қазақстандық Николай Буторин мен Анастасия Потоцкая белсенді өнер көрсетіп, ерекше аталды.

Барлық жеӊімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль, грамота және сыйлықтармен марапатталды.

Айта кету керек, жарыс "Динамо" стадионында өткен болатын. Оныӊ басты мақсаты өрт сөндіру спортын жастар арасында дамытып, олардыӊ арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны