21.09.2018, 14:53 7125

Алматыда Орталық стадионныӊ 60 жылдығына арналған спартакиада өтеді

Осы сенбі, қыркүйектіӊ 22-і күні, "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында балалар үйлерініӊ тәрбиеленушілері арасында Орталық стадионныӊ 60 жылдығына арналған спартакиада өтеді

Алматы. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда балалар үйлерініӊ тәрбиеленушілері арасындағы спартакиада Орталық стадионныӊ 60 жылдығына арналады.

Осы сенбі, қыркүйектіӊ 22-і күні, "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында балалар үйлерініӊ тәрбиеленушілері арасында Орталық стадионныӊ 60 жылдығына арналған спартакиада өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Жарыс Орталық стадионда шағын футбол, арқан тарту, асық ату, жеӊіл атлетика, балалар дуатлоны (жүгіру-100 м, велосипед-200 м, жүгіру-100 м) спорт түрлерінен өткізіледі. Басталуы 10:00-де.

Спартакиадаға Алматы қаласыныӊ балалар үйлерініӊ тәрбиеленушілерініӊ командасы қатысады. Жарыстар Қазақстан Республикасыныӊ барлық спорт түрлері бойынша оӊайлатылған ережелерімен өткізіледі.

Жеке және командалық спорт түрлері жеӊімпаздары, жарыстар дәрежесіне тиісті диплом, медальдармен, сыйлықтармен, сондай-ақ, кубоктармен марапатталды. Жеӊімпаздар кестеге сәйкес анықталады.

Айта кетер жайт, спартакиаданыӊ басты мақсаты балалар үйлерініӊ тәрбиеленушілері арасында салауатты өмір салтаны насихаттау және үздік командаларын анықтау болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны