20.08.2018, 22:58 9095

Алматыда Спорт күні ауқымды шаралармен атап өтілді

Тамыздыӊ үшінші жексенбісінде бүкіл Қазақстан бойынша Спорт күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Алматыныӊ әр ауданында спорттық мереке өтсе, олардыӊ біреуі М. Горький атындағы орталық саябағында өткізілді

Алматы. 20 тамыз. Kazakhstan Today - Тамыздыӊ үшінші жексенбісінде бүкіл Қазақстан бойынша Спорт күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Алматыныӊ әр ауданында спорттық мереке өтсе, олардыӊ біреуі М. Горький атындағы орталық саябағында өткізілді,- деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Мәдениет және демалыс саябағында Спорт күні мерекесіне мыӊдаған жасөспірімдер мен ересектер жиналды, оларға ұйымдастырушылар көптеген ойын-сауық және спорттық ойындар дайындады.

"Өмірде жағымды ойын-сауық қағидасын сақтау керек. Алматы қаласыныӊ әкімдігінде мыӊдаған қала тұрғындары мен қонақтарын осындай керемет атмосфераға бөлеп, тамаша мереке ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз! Бізсаябаққа үш баланы алып келдік, олардыӊ барлығына бұл мереке ұнады", - дейді Алматы тұрғыны Марина Гордеева.

Өз кезегінде "Спорттық Алматы" бағдарламасыныӊ ұйымдастырушыларыныӊ бірі Айдос Бағашев қаланыӊ мерекелік іс-шараларына он мыӊдаған салауатты өмір салтын ұстанатын халық жиналған деп атап өтті.

"Бүгінде саябаққа көптеген адамдар жиналды. Бұл Алматы тұрғындарыныӊ белсенді өмір сүріп жатқаныныӊ белгісі екенін дәлелдейді. Жыл сайын елімізде жүйелі түрде спортпен шұғылданатын адамдардыӊ саны артып келеді. Мұныӊ барлығы жергілікті спорттық инфрақұрылымныӊ дамуына байланысты деп ойлаймын. Мысалы, Алматыда спортпен шұғылдануға барлық жағдайлар жасалған, демек бұқаралық сипат жаӊғыртылады. Алматы әкімдігініӊ тапсырмасы бойынша барлық оқу орындары мен басқа да қоғамдық орындар заманауи спорттық жабдықтармен жабдықталған, тіпті әдеттегі аулаларда қажетті жағдайлар жасалады. Айта кетер жайт, тамыздыӊ 19-ы отандық және әлемдік футзал үшін ерекше күн. Осы күні Алматыда студенттер арасында футзалдан әлем чемпионатыныӊ ашылуы болды. 8 күн бойы осы қызықты және серпінді спорттыӊ барлық жанкүйерлері Almaty Arena спорт кешенінде дүниежүзініӊ мықты командалардыӊ ойындарын тамашалауға мүмкіндік алады" - дейді Айдос Бағашев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны