05.10.2015, 10:53 6088

Алматыда "Тур Алматы 2015" веложарысы өтті

Бүгін Алматыда шоссе бойымен жүретін Халықаралық "Тур Алматы 2015" веложарысы өтті, онда "Astana PRO Team" велосипедшісі Алексей Луценко бірінші, ал Фабио Ару екінші, "Катюша" өкілі Павел Кочетков үшінші орынды жеӊіп алды

Алматы. 06 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда шоссе бойымен жүретін Халықаралық "Тур Алматы 2015" веложарысы өтті, онда "Astana PRO Team" велосипедшісі Алексей Луценко бірінші, ал Фабио Ару екінші, "Катюша" өкілі Павел Кочетков үшінші орынды жеӊіп алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Веложарысқа әлемніӊ 16 елінен 19 команда қатысты, соныӊ ішінде кәсіби "Astana PRO Team" мен ресейлік "Катюшa" командалары бар, деп хабарлайды almaty.gov.kz тілшісі.

Жарысқа қатысушылар мен көрермендер алдында сөйлеген сөзінде қала әкімі мегаполисте веложарыстыӊ осымен үшінші рет өтіп отырғандығын, оған қатысушылар қатарыныӊ жыл санап арта түскендігін айтты.

"Бұл Алматы брендін алға жылжытады. Кез - келген мегаполис ірі Халықаралық жарыстарды өткізіп тұрады. Біз үшін бұл жарыс - Универсиада 2017 алдында қала инфрақұрылымын жақсартудыӊ ұтымды мүмкіндігі. "Тур Алматы" алматылықтарды қуантады. Велосипед спорты біздіӊ қаламызда танымал. Біз алдағы уақытта да жарыстыӊ бұл түріне қолдау көрсетеміз", - деді Бауыржан Байбек.

Оныӊ айтуынша өткен жылы спорттыӊ осы түріне қалада 10 мыӊ адам қатысқан. Eurosport телеарнасы арқылы әлемніӊ 100 млн. көрермені жарысты тамашалаған. Биыл бұл спорттық шараға 11 мыӊ қалалық келген.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қолдауы арқасында Алматы әлемдік спорт оралығына айналуда. Соӊғы жылдары мегаполисте түрлі спорт түрлері бойынша 10 әлем чемпионаты өтті, қалада 1,1мыӊ спорт нысандары жұмыс істеуде", - деді қала басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны