25.10.2012, 18:55 29325

Алматыда Универсиада 2017 нысандары салынатын жер телімдері бөлінді

Алматы әкімі Ахметжан Есімов 2017 жылы өтетін Универсиадаға қатысты салынатын нысандар құрылысының мәселелері бойынша жұмысшы кеңесін өткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 25-қазан. Kazakhstan Today - Алматыда Универсиада 2017 нысандары салынатын жер телімдері бөлінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов 2017 жылы өтетін Универсиадаға қатысты салынатын нысандар құрылысының мәселелері бойынша жұмысшы кеңесін өткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Универсиада - 2017 жоспарына сәйкес, Алматыда спорттық нысандардың құрылысына жер телімдері бөлінген.

"Конькимен жүгіретін стадион, катогы бар Мұз сарайын салу үшін Рысқұлов пен Момышұлы көшесінен 24,8 га жер бөлінді. Бұлардан өзге сырғанау катогы бар Мұз аренасын салу үшін Медеу ауданынан 27,7га жер бөлінді", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Универсиада - дүниежүзілік студенттік спорт ойындары, маңызды халықаралық жарыстарды бірі. Алматы ресми түрде 2017 жылғы 28-ші Қысқы Универсиаданы өткізетін қала саналады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны