16.09.2018, 00:33 8952

Алматыда үстел теннисінен 20-шы "Оӊтүстік астана" атты халықаралық турнир аяқталды

17 жасар Зәруеш Акашева үстел теннисінен "Оӊтүстік астана" турнирініӊ жеӊімпазы атанды.

Алматы. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда "Зенит" спорт кешенінде үстел теннисінен 20-шы "Оӊтүстік астана" атты халықаралық турнир аяқталды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

17 жасар Зәруеш Акашева үстел теннисінен "Оӊтүстік астана" турнирініӊ жеӊімпазы атанды.

Жарыстыӊ финалында қыздар арасында қарағандылық Зәуреш Акашева өзбекстандық Камила Халикованы 4:2 есебімен ұтты. Ал, үшінші орынды астаналық Анастасия Лаврова иеленді. Ол Өзбекстаннан келген өз қарсыласы Мархабо Магдиеваны 4:1 есебімен жеӊіске жетті.

- Финал психологиялық жағынан өте қиын болды. Оныӊ үстіне біз өз елімізде ойнаған соӊ, мойынымызда үлкен жауапкершілік болды. Бірақ, мен тырысып, жеӊіске жеттім. Өте қуаныштымын, - деді жеӊімпаз Зәуреш Акашева.

Ерлер арасындағы финалда ресейлік спортшылар Илья Жидков пен Илья Исаков кездесті. Оныӊ нәтижесінде Жидков 4:2 есебімен жеӊді. Ал, үшінші орын алматылық Тимур Кельбугановқа бұйырды. Ол өзбекстандық Ельмурот Холиковты 4:1 есебімен ұтты.

Жарыс жүлдегерлерін Алматы қаласы Денешынықтыру және спорт басқармасыныӊ басшысы Рүстем Байсеитов марапаттады. Айта кетер жайт, 20-ші рет өткен халықаралық жарысқа Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген жасы 14-тен асқан 130 ұлдар мен қыздар бақ сынасты. Ойындар"Зенит" спорт кешенінде өткізілді.

Жеӊімпаздар мен жүлдегерлер медалдар және ақшалай сыйлықтарға ие болды. Ұлдарға бірінші орын үшін - 300 мыӊ, екінші 230 мыӊ, үшінші 150 мыӊ, төртінші 60 мыӊ, бесінші 40 мыӊ, алтыншы 30 мыӊтеӊге. Қыздар тиісінше 250 мыӊ, 150 мыӊ, 100 мыӊ, 50 мыӊ, 30 мыӊ, 20 мыӊ теӊге иеленді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны