07.02.2011, 13:42 12978

Алматыда VII Қысқы Азия ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Кеше Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында VII Қысқы Азия ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 7 - ақпан. Kazakhstan Today - Кеше Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында VII Қысқы Азия ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты жабылу рәсіміне қатысып, VII Қысқы Азия ойындарын ресми түрде жабық деп жариялады.

Президент өз сөзінде VII Қысқы Азия ойындары халықаралық өмірдегі ірі оқиға болғанын атап өтті. Астана мен Алматының спорттық алаңдарында 27 мемлекеттің ең үздік атлеттерінің арасында таза бәсеке өтті. Алғаш рет 69 комплекті медальдар сарапқа салынды. Бұл қысқы Азиада үшін рекорд. Қазақстан осындай жоғары деңгейдегі жарысты өткізуге қабілетті континенттік елдер қатарына қосылды.

"Мен біздің спортшылар командалық есепте тамаша нәтижелер көрсеткеніне қуаныштымын. Азиада күштің, әдемілік пен мәрттіктің нағыз салтанатына айналды. Біз спортты бейбітшілік пен достықтың мерекесіне айналдырдық! Осы күндері әр елден келген мыңдаған адам бір-бірімен жүздесті, әңгімелесті, бірін-бірі таныды. Көпшілігі Қазақстаннан жаңа достар тапты. Біздің бәріміз, әр халықтың өкілдері, рухани бай және жомарт бола түстік. Біз бір-бірімізді жақсы түсіндік. Осыны Азиаданың басты жетістігі деп санауға болатынына сенімдімін!" - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Азия ойындарының ашылу рәсімі Астанада - елордада өтті. Қазақстан қонақтары әлемдегі ең биік таулы мұз айдыны - Алматыдағы "Медеуде" болды. Азия ойындарында алғаш рет олимпиадалық эстафета алауын Қазақстанның 20 қаласынан алып өтті. Азия Олимпиадалық кеңесі эстафетаны тұрақты өткізу туралы шешім қабылдады. Биылғы Азиаданың жарқын символы - қазақстандық барыс - барлығымыз үшін ыстық әрі жақын бола түсті.

"Қазір біз жетінші қысқы Азия ойындарымен ризашылықпен қош айтысамыз. Ойындар бізге керемет те ұмытылмас әсерлер сыйлады. Бұл Азиада кереметке толы болды. Баршаңызды жетінші қысқы Азия ойындарының аяқталуымен құттықтаймын, менің сіздерге: "Көріскенше!" дегім келеді!" - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұрын хабарлағанымыздай, "VIII Қысқы Азия ойындары 2015 жылы Жапонияның Саппоро қаласында өтеді, деп хабарлаған болатын Азиялық олимпиада кеңесінің төрағасы шейх Ахмад Аль-Фахад аль-Сабах мырза.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны