09.04.2018, 20:11 7696

Алматыда жыл басынан 700-ден астам спорттық шара өткізілді

Алматыда 2018 жылдыӊ қаӊтар мен сәуір айлары аралығында 778 спорттық шара өткізіліп, 80 мыӊнан аса адам қамтылды

Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда 2018 жылдыӊ қаӊтар мен сәуір айлары аралығында 778 спорттық шара өткізіліп, 80 мыӊнан аса адам қамтылды, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Жарыстар қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған "Спорттық Алматы" және "Спорт меніӊ ауламда" жобаларын іске асыру аясында өткізілген.

"Спорттық Алматы" жобасы аясында ұйымдастырылған ауқымды шараларға грек-рим күресінен Дәулет Тұрлыхановтыӊ жүлдесіне арналған турнирін, аула командалары арасындағы футбол лигасын, шаӊғы және коньки тебуді тегін үйрету сабақтары, шығыс жекпе-жек фестивалі, "Алматы Наурыз мерекесін тойлайды" спорттық-бұқаралық мерекесі, сондай-ақ, ұлттық, күш қолданылатын және интеллектуалды спорт түрлеріненстуденттер, мұғалімдер және оқушылар арасындағы жарыстарды атап өтуге болады. Жалпы, 71 957 адамныӊ қатысуымен 715 шара өткізілген.

Жақын арада "Спорттық Алматы" бағдарлама аясында велошеру маусымы басталады. Сонымен қатар, бокстан Амалбек Тшановтыӊ және дзюдодан Бекет Махмұтовтыӊ жүлделеріне арналған турнирлер өтеді. Жылдыӊ соӊына дейін бұл жоба қала тұрғындары мен қонақтарын басқа да қызықты шаралармен қуантатын болады.

"Спорт меніӊ ауламда" бағдарламасы аясында осы жылдыӊ қаӊтар мен наурыз аралығында 180 шеберлік сабағы мен ұлттық спорт түрлерінен 63 жарыс өткізілген. Осы спорттық шаралар аясында қамтылған Алатау және Иуезов аудандарыныӊ 3584 тұрғыны асық ату, бестас, бұқатартыс, тоғызқұмалақ, тымақ ұру және тағы да басқа спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтады. Алдағы уақытта, барлық қала аудандарында футболдан және стритболдан жарыстар ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Осы жылы басқа да аудандарды қамту аясында жаӊа аула алаӊдары іске қосылды. Бүгінгі күні, олардыӊ саны 150 спорттық алаӊдарды құрайды. Еске сала кетсек, бұл алаӊдарда аптасына 5 рет тәжірибиелі нұсқаушылар жалпы 16 мыӊға жуық балалар мен жасөспірімдерді жаттықтырады. "Спортменіӊ ауламда" жобасы өткен жылы іске қосылып, 3 жылға дейін жалғасатын болады. Оныӊ бірден-бір ерекшелігі 7-17 жас аралығындағы кез келген жеткіншек нұсқаушымен бірге өз алаӊында жаттыға алады. Толық ақпаратты sportvodvor.kz ресми сайтынан біле аласыздар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны