20.08.2018, 20:53 7837

Алматыныӊ барлық аудандарында 2018 жылы қазақ күресі бойынша секциялар ашылды

Бүгінгі күні мегаполисте "Спорттық Алматы" және "Спорт меніӊ ауламда" бағдарламалары кеӊ қанат жаюда, 500-ден астам спорт алаӊы абаттандырылды.

Алматы. 20 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыныӊ барлық аудандарында 2018 жылы қазақ күресі бойынша секциялар ашылды.

"Қалада ұлттық спорт түрлерін дамытуға үлкен назар аударылады. Қаланыӊ барлық аудандарында биылдан бастап қазақ күресі бойынша секциялар ашылған, қазақтық ұлттық "белдесу" күресі қайта жаӊғырды, Алматы ипподромыныӊ жұмысы қолға алынды",- деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Бүгінгі күні мегаполисте "Спорттық Алматы" және "Спорт меніӊ ауламда" бағдарламалары кеӊ қанат жаюда, 500-ден астам спорт алаӊы абаттандырылды. "Туған жер" бағдарламасы аясында Алатау ауданында жеӊіл атлетикалық стадион іске қосылды, жеӊіл атлетикалық манеж салынуда.

"Спорт меніӊ ауламда" жобасы бойынша спортпен тұрақты айналысатын 18 мыӊға жуық балаларды қамтитын ауладағы спорт алаӊдарыныӊ саны артты. Тұрмысы төмен отбасылардыӊ балаларын спортқа ке?інен тартатын және жеке спорт ұйымдарын тікелей компенсациялайтын "Батыл бол" жобасы жүзеге асты.

Қазіргі кезде қала тұрғындарыныӊ белсенді және салауатты демалуы - велосипед тебуі, жүгіруі, жаяу жүруі үшін үлкен мүмкіндіктерді жасауда.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері Алматыда 250 мыӊнан астам адамды қамтыған 2,5 мыӊнан астам спорттық және денешынықтыру-сауықтыру шаралары өтті, соныӊ ішінде 2,5 мыӊнан астамы мүмкіндігі шектеулі азаматтар.

Еске сала кетейік, 19 тамызда Almaty Arena спорт кешенінде студенттер арасында футзалдан әлем чемпионаты басталды. 2015 жылдыӊ қазан айында Алматы қаласы 2018 жылғы студенттер арасындағы футзалдан әлем чемпионатын өткізу мүмкіндігін жеӊіп алды. Мұндай ауқымды іс-шара ТМД аумағында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа дүниежүзініӊ Канада, Германия, Франция, Аргентина, Жаӊа Зеландия, Болгария, Португалия, Польша, Хорватия, Словакия, Чехия, Ресей, Қытай, Израиль, Таиланд, Украина сияқты елдердіӊ студенттердіӊ ерлер және қыздар құралған еӊ мықты 17 құрамасы қатысуда. Сондай-ақ, әлемніӊ көптеген елдерінен жанкүйерлер келді.

Бұл сайыстыӊ Almaty Arena спорт кешенінде 14 мыӊ көрерменніӊ қатысуымен өткен ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, ФИСУ вице-президенті Мариан Дымальский қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны