27.03.2019, 19:43 66750

Элизабет Тұрсынбаева Almaty Arena кешенінде өтетін Илья Авербухтың мұздағы шоу-бағдарламасына қатысады

30 наурызда Алматыда өтетін шоу кезінде Элизабет Тұрсынбаева өзінің әлем чемпионатында көрнекі бағдарлама ретінде Жапонияда көрермен назарына ұсынған және Денис Теннің құрметіне арнаған бағдарламасын орындайды.

Алматы. 27 наурыз. Kazakhstan Today - 30 наурызда Almaty Arena кешенінде өтетін Илья Авербухтың мұздағы шоу-бағдарламасында отандық мәнерлеп сырғанау спортының қазіргі жарық жұлдызы Элизабет Тұрсынбаева да қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Элизабет Тұрсынбаева жуырда ғана Жапонияның Сайтама қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені жеңіп алғаны белгілі.

Биыл, 2019 жылы Илья Авербухтың өз продюсерлік компаниясын құрғанына 15 жыл толып отыр. Осы уақытта оның ұлығаусар шоу-бағдарламалары мұздағы шоу-индустриясының әлемдік лидеріне айналып үлгерді. Компания өмірге әкелген жобалардың барлығы да көрермендердің зор ықылыасына бөленіп, сарапшылардың мақтау-мадақтауына ие болуда. "15 жылғы сәттілік" деп аталатын бағдарлама оған қатысушы құраманың мәнерлеп сырғанау спортына деген шексіз сүйіспеншілігінің, олардың дарыны мен қажымас-талмас еңбегінің бейнебір квинтэссенциясы іспетті.

30 наурызда Алматыда өтетін шоу кезінде Элизабет Тұрсынбаева өзінің әлем чемпионатында көрнекі бағдарлама ретінде Жапонияда көрермен назарына ұсынған және Денис Теннің құрметіне арнаған бағдарламасын орындайды.

Алматыда өтетін мерейтойлық шоуға Алексей Ягудин, Роман Костомаров, Максим Маринин, Оксана Домнина, Максим Шабалин, Мария Петрова, Алексей Тихонов, Маргарита Дробязко, Повилас Ванагас, Албена Денкова, Максим Ставиский секілді Ресейдің ең танымал мәнерлеп сырғанаушы спорт жұлдыздары қатысады.

"15 жылғы сәттілік" деп аталатын шоу бағдарлама Almaty Arena мұз кешенінде 30 наурызда сағат 19:30-да өтеді.

Билеттерді касса операторларының сайтынан сатып алуға болады.

Еске сала кетейік, Жапонияның Сайтама қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлде иеленді. Бұл Тұрсынбаеваның үлкен жарыстардағы ең үлкен жүлдесі. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы еркін бағдарламаны тамаша орындап, нәтижесінде 224,76 балл ұтып алды. Э.Тұрсынбаева ересек қыздар арасындағы әлем чемпионатында тұңғыш рет төрт айналымдық сальхов элементін орындады. Ал ресейлік Алина Загитова 237,50 балмен әлем чемпионы атанды. Оның отандасы Евгения Медведева 223,80 балмен үшінші орынға жайғасты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны