20.08.2018, 11:51 5179

Almaty Arena спорт кешенінде футзалдан әлем чемпионаты салтанатты түрде басталды

Салтанатты бағдарламадан соӊ ерлер ұлттық құрамасыныӊ ойындары басталды. Қазақстан командасы Чехияға қарсы ойын өткізіп, жиналған спорт сүйер қауым отандастарымызға керемет қолдау көрсетті. Ойынныӊ нәтижесінде Қазақстан құрамасы чеxтарды 4:3 есебімен тізе бүктірді.

Алматы. 20 тамыз. Kazakhstan Today - Almaty Arena спорт кешенінде 19 тамызда студенттер арасында футзалдан әлем чемпионаты басталды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бұл әлемдік доданыӊ ашылу салтанатында Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, ФИСУ вице-президенті Мариан Дымальский құттықтау сөз сөйлеп, барлығына осындай қолдау көрсеткені үшін өз алғыстарын білдірді.

Чемпионаттыӊ ашылу салтанатында бишілер мен фристайлистер өз өнерлерін көрсетіп, еліміздіӊ эстарада жұлдыздары Камшат Жолдыбаева, Мәдина Садуақасова, Алашұлы тобы өз әндерін орындады. Салтанатты шараға жалпы саны 14 мыӊнан адам қатысты. Олардыӊ алдында танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенніӊ орындауындағы әнге өмірінен үзінді ұсынылып, артынша бишілер Денис Тенніӊ мұздағы биін орындады.

Бұл салтанатты ашылу спортшылардыӊ шеру рәсімімен жалғасты. Сондай-ақ, шара барысында еліміздіӊ және ФИСУ-дыӊ тулары көтеріліп, Қазақстан ерлер құрамасыныӊ капитаны Біржан Оразов ант қабылдады.

Салтанатты бағдарламадан соӊ ерлер ұлттық құрамасыныӊ ойындары басталды. Қазақстан командасы Чехияға қарсы ойын өткізіп, жиналған спорт сүйер қауым отандастарымызға керемет қолдау көрсетті.

Ойынныӊ нәтижесінде Қазақстан құрамасы чеxтарды 4:3 есебімен тізе бүктірді. Ел құрамасы сапында Агидил Мадияров пен Даурен Тұрсағұлов дубль жасаса, Чехияныӊ құрамынан Павел Дрозд екі гол, Давид Дрозд бір гол соғып көзге түсті.

"Біз қиын ойын болатындығын білдік. Қарсылас құраманы жақсы зерттеп, тыӊғылықты дайындалдық. Нәтижеге ризамыз. Үйдегі кездесуде жеӊіске жету деген керемет әсер. Бұл барлық қазақстандықтардыӊ жеӊісі", - деді Қазақстан ойыншысы Ағеділ Мадияров.

Айта кету керек, әлем чемпионаты 26-ші тамызға дейін жалғасады. Ойындар Halyk Arena және Almaty Arena мұз сарайларында өтеді. Теӊбіл доп додасына 17 елдіӊ өкілдері қатысуда - 16 ерлер 9 әйелдер кұрамалары.Ертеӊ сағат 20:00-де Қазақстан құрамасы Жаӊа Зеландия командасымен кездеседі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны