18.03.2016, 17:36 13751

Андрей Аршавин - "Қайрат" ойыншысы

Жартылай қорғаушы Аршавинніӊ спорттық жолы Санкт-Петерборда басталды. Онда Андрей "Зенит" құрамында ойнады. 2008 жылы Аршавин "Зенитпен" бірге УЕФА Кубогы мен Суперкубогында жеӊіске жетіп, Еуропа чемпионатыныӊ қола жүлдегері болды

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Келісімшарт 1+1 нұсқасы бойынша жасалды. Клубта Андрей Аршавин 28 нөмірмен өнер көрсетеді, деп хабарлады клубтыӊ ресми сайтынан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жартылай қорғаушы Аршавинніӊ спорттық жолы Санкт-Петерборда басталды. Онда Андрей "Зенит" құрамында ойнады. 2008 жылы Аршавин "Зенитпен" бірге УЕФА Кубогы мен Суперкубогында жеӊіске жетіп, Еуропа чемпионатыныӊ қола жүлдегері болды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

2009 жылы Андрей лондондық "Арсеналмен" келісімшарт жасасып, оныӊ құрамында 100 матчқа қатысады.

2013 жылы Аршавин "Зенитке" оралады, ал екі жылдан кейін краснодарлық "Кубаньға" ауысып, онда 2016 жылдыӊ ақпанына дейін ойнады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны