Система Orphus

Антропов Астанаға оралды

09.08.2013 51132

Астана. 9-тамыз. Kazakhstan Today - Өскемен хоккейінің түлегі Николай Антропов туған жеріне оралды. Қазақ хоккейіндегі шоқтығы биік ойыншылар көшін бастап тұрған Антропов биылғы маусымда "Барыс" намысын қорғайтын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Антропов пен "Барыс" арасындағы келісім-шарт екі жылға жарамды. ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Николай Антропов Ұлттық хоккей лигасындағы өзі ойнайтын "Виннипег Джетс" командасының бас бапкерімен сөзге келіп қалған. Сол себепті, ҰХЛ-дағы өзге клубтардың намысын қорғауға бел буған екен. Алайда, өзіне қолайлы келісім-шартты көрмеген соң, Құрлықтық хоккей лигасындағы "Барыс" сапында ойнауды жөн деп ұйғарған.

Николай Антропов ҰХЛ-дағы локаут кезінде "Барыс" сапында 26 ойын өткізіп, 17 (3+14) ұпай жинаған. Жалпы, Антроповтың алыс Америкаға сапары 1998 жылдан басталған. Енді екі жыл бойы ол өз туған жерінің командасы үшін айдынға шығады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны