09.10.2015, 17:28 7591

Армия спорт клубыныӊ қатысушысы Оӊтүстік Кореядағы ойындарда алтын медаль иеленді

Бүгін, Оӊтүстік Кореядағы VI Дүниежүзілік әскери ойындарда грек-рим стиліндегі балуандардыӊ сайысқа түсуі басталды. 59 келі салмақта Қазақстан Қарулы Күштері құрамасыныӊ спортшысы Мирамбек Айнағұлов үздік атанды. Өзініӊ қарсыластарыӊ нық жеӊе отырып, команданыӊ қоржынын алтын медальмен толықтырды

Астана. 09 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін, Оӊтүстік Кореядағы VI Дүниежүзілік әскери ойындарда грек-рим стиліндегі балуандардыӊ сайысқа түсуі басталды. 59 келі салмақта Қазақстан Қарулы Күштері құрамасыныӊ спортшысы Мирамбек Айнағұлов үздік атанды. Өзініӊ қарсыластарыӊ нық жеӊе отырып, команданыӊ қоржынын алтын медальмен толықтырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл күні жүзушілеріміз де жаман нәтиже көрсеткен жоқ. Кіші сержант Александр Тарабрин 100 метр қашықтыққа арқамен жүзуден "күміс" медальді қанжығасына байлады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Осылайша, қазір армиялық құрамамыздыӊ қоржынында бір алтын, екі күміс және төрт қола медаль.

Сайыстыӊ бірінші күнінде 57 келіге дейінгі салмақта ҚР спорт шебері, әлем чемпионаттарыныӊ жүлдегері Владимир Кудрин командамыздыӊ қоржынын күміс медальмен майлады. Екі қола медальді 74 келіге дейінгі салмақта халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы кіші сержант Ғалымжан Үсербаев пен 65 келіге дейінгі салмақта ҚР спорт шебері, әлем чемпионатыныӊ жүлдегері ефрейтор Азат Сақаев иеленді. Құрамаға тағы да екі "қола" медальді 61 келі салмақта еркін стильдегі балуан Қазақстанныӊ чемпионы, әскери қызметшілер арасындағы 2014 жылғы әлем чемпионатыныӊ күміс жүлдегері ефрейтор Елдос Ибікенов пен оныӊ серігі кіші сержант Иділет Даулумбаев әкелді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны