04.09.2018, 15:06 5455

Астана қаласында стритболдан Азия чемпионаты өтеді

7-9 қыркүйек күндері Елорда жұртшылығын орасан зор спорттық шоу күтеді. Осы үш күн аралығында Астана қаласында стритболдан FІВА 3х3 AsiaQuest Азия чемпионаты өтеді.

Астана. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - 7-9 қыркүйек күндері Елорда жұртшылығын орасан зор спорттық шоу күтеді. Осы үш күн аралығында Астана қаласында стритболдан FІВА 3х3 AsiaQuest Азия чемпионаты өтеді. Аталған додаға әлемніӊ 13 елінен спортшылар қатысады. Барлық іс-шаралар "ЕХРО"-ға қарсы орналасқан "MEGA Silk Way" ОСО-ныӊ маӊындағы алаӊда ұйымдастырылады.

Стритболдан FIBA 3*3 Asia Quest Азия чемпионаты Азия құрлығындағы еӊ басты спорттық шара болып саналады. Турнирде жүзден жүйрік атанып, жеӊіске жеткен қатысушы 13-14 қазан Малайзияныӊ астанасында жалауын көтеретін World Tour Kuala Lumpur Masters 2018 халықаралық турнирінде бақ сынауға мүмкіндік алады. Астанада өтетін бұл байрақты бәсекеге Азияныӊ алты өӊірінде іріктеуден өткен әлемніӊ 13 елінен 130 спортшы қатысады деп күтілуде. Сынға түсетін 32 команданыӊ бесуі Қазақстан өкілдері болып табылады. Аталған турнир әлемніӊ 10-нан астам елінде тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Стритболдан Азия чемпионатыҚазақстан стритбол лигасы (SLK) мен Халықаралық баскетбол федерациясыныӊ (FIBA 3Х3) ұйымдастыруымен және Астана қаласы әкімдігініӊ тікелей қолдауымен өткізілгелі отыр. SLK қазіргі таӊда елімізде стритбол мәдениетін дамытумен белсенді айналысып келе жатқан бірден-бір ұйым.

Турнирдіӊ басты ерекшелігі жүлде қорыныӊ 32,000 АҚШ долларын құрауы болып табылады.

"Аталған турнир біздіӊ жастарға өз ісіне ұқыптылықпен қарай отырып, аянбай жаттығар болса, кәсіби спортшылар сияқты ойнауға болатындығын көрсетуге мүмкіндік береді. Біз қазақстандық спорт сүйер қауымныӊ елімізде ойынныӊ үздік деӊегейін көрсете алатын нағыз стритбол шеберлерінен құралған командалардыӊ барын көрсе дейміз", -дейді SLK атқарушы директоры Жомарт Асенканов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны