08.06.2009, 11:27 10667

"Астана" велоқұрамасының қаржылық мәселесі мемлекет басшысының қолдауымен шешілді

"Астана" велоқұрамасының қаржылық мәселесі мемлекет басшысының қолдауымен шешілді

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" -"Астана" велоқұрамасының қаржылық мәселесі мемлекет басшысының қолдауымен шешілді. Бұл туралы бүгін еліміздің туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов парламент мәжілісінде өткен үкіметтік сағат барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Министрдің түсіндіруінше, бұл құраманы ұстауға жылына $16 - $17 млн жұмсалады. Құраманың тең жартысы қазақстандық спортшылардан тұрады, "олардың "Тур де Франс" сайыстарында жеңіске жетуге барлық мүмкіндіктері бар".

"Дегенмен, жағдай айтарлықтай емес. Бұл мәселе бойынша Даниал Ахметов үкімет басшысы болып тұрғанда құрамаға еліміздің барлық ірі компаниялары демеушілік жасайтын. Қазір олай емес", - деді Т. Досмұамбетов.

"Бұл мәселені мемлекет басшыс шешті... Бүгінгі күні қаржыландыру мәселесі шешімін тапты. Құраманы ұстау керек, ол - мемлекетіміздің беделі", - деді министр.

Еске сала кетейік, велоқұраманы қаржыландыру мәселесі тоқтатылуға байланысты Қазақстандық спортшылар "Тур де Франс" жарысына қатыса алмай қала жаздаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны