14.08.2017, 19:02 6329

Астанада Қызылорда облысыныӊ күндері аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті

Атап айтсақ, "Қазанат" атшабарында қыз қуу, көкпар, теӊге ілу, аударыспақ, жамбы ату, ат үстіндегі өнер, қазақы тұқымды тазылардыӊ көрсетілімі өткізілсе, этноауыл аумағында тоғызқұмалақт, асық атуд және қазақ күресінен "Түйе палуандар" сайысы ұйымдастырылды.

Қызылорда. 14 тамыз. Kazakhstan Today - 12 тамыз күні "ЭКСПО - 2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған Астана қаласындағы Қызылорда облысыныӊ мәдени күндері аясында ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдер мен жарыстар өтті. Атап айтсақ, "Қазанат" атшабарында қыз қуу, көкпар, теӊге ілу, аударыспақ, жамбы ату, ат үстіндегі өнер, қазақы тұқымды тазылардыӊ көрсетілімі өткізілсе, этноауыл аумағында тоғызқұмалақт, асық атуд және қазақ күресінен "Түйе палуандар" сайысы ұйымдастырылды.

Асық ату сайысына Астана қаласы, Маӊғыстау және Қызылорда облыстарынан 10 команда қатысты. Нәтижесінде бірінші орынды Астана қаласыныӊ №24 орта мектебі топ жарды. Екінші орынды Қызылорда облысы, үшінші орынды Астана қаласыныӊ командалары еншіледі.

Тоғызқұмалақ ойынында қыздар арасында 1-орынды Гүлнара Базаралиева, 2-орынды Құндыз Есіркеп (екеуі де Астана қ.), 3-орынды Ұлдана Махамбетәмин (Қызылорда) иеленді.

Ұлдар арасында астаналықтар Арыстан Манарбекұлы жеӊімпаз атанса, Илішер Танхаев екінші, қызылордалық Ырыскелді Кенжебек үшінші орындарға ие болды.

Жеӊімпаздар мен жүлдегерлер медаль, грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Қазақ күресінен өткен "Түйе палуандар" сайысына Астана, Қарағанды, Маӊғыстау, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 17 палуан қатысып, үздіктер анықталды.

Қарағандылық Ержан Шынкеев "Түйе палуан" атанып, оған 700 мыӊ теӊге көлемінде сертификат табысталды. Екінші орынды Маӊғыстау облысыныӊ палуаны Нұрдәулет Жарылғапов алса, үшінші орын астаналық Дәулет Бижановтыӊ еншісінде болды. Екінші орынға - 500 мыӊ теӊге, үшінші орынға - 200 мыӊ теӊгеніӊ сертификаттары берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны