15.08.2017, 16:02 6532

Астанада қызылордалық шахматшы Исел Серікбай бір мезгілдік сеанс өткізді

И.Серікбай - шахматтан облыс тарихындағы алғашқы ФИДЕ шебері. Жасөспірімдер және жастар арасында 8 дүркін Қазақстан чемпионы, жасөспірімдер арасында 3 дүркін Азия, оқушылар арасында 2 дүркін Илем чемпионы. Айта кетейік, Исел осымен екінші мәрте сеанс өткізді.

Қызылорда. 15 тамыз. Kazakhstan Today - "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қызылорда облысыныӊ мәдени күндеріне орай орталық шахмат клубында Исел Серікбай 12 тақтада бір мезгілдік сеанс өткізді.

Оған Қызылорда облысы әкімініӊ орынбасары Руслан Рүстемов қатысып, алғашқы жүрісті бастап берді.

Сеансқа Астана қаласы мен Қызылордадан 12 шахматшы қатысты. Олардыӊ екеуі қызылордалық, қалғаны Астана қаласыныӊ шахматшылары. Сыр елінен қатысқан спортшылар Дінасыл Ғалымжанұлы мен Нұрмұхаммед Бұхарбай №2 "Мұрагер" мектебінде оқиды.

И.Серікбай - шахматтан облыс тарихындағы алғашқы ФИДЕ шебері. Жасөспірімдер және жастар арасында 8 дүркін Қазақстан чемпионы, жасөспірімдер арасында 3 дүркін Азия, оқушылар арасында 2 дүркін Илем чемпионы. Айта кетейік, Исел осымен екінші мәрте сеанс өткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны