16.03.2016, 14:49 10036

Астанада Риода өтетін Олимпиада ойындарында Ұлттық құраманыӊ парадтық киім үлгісі таныстырылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеттіӊ кезектен тыс съезінде 2016 жылы Рио де Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарыныӊ ашылу салтанатында отандық спортшылар киіп шығатын парадтық киім үлгісі таныстырылды

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеттіӊ кезектен тыс съезінде 2016 жылы Рио де Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарыныӊ ашылу салтанатында отандық спортшылар киіп шығатын парадтық киім үлгісі таныстырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Парадтық костюмді әзірлеуге шамамен 50 адам жұмылдырылды. Бұл дизайнерлер, конструкторлар, технологтар, сондай-ақ, Италиядан кеӊесшілер тартылды. Ер адамдарға арналған парад костюмі пиджак, шалбар, жейде, галстук, туфли, жол сөмкесі және қолшатырдан, ал әйелдерге арналған парад костюмі жеӊіл бешпет, белдемше, орамал, туфли, жол сөмкесі және қолшатырдан тұрады. Парад костюмін әзірлеуге Vitale Barberis коллекциясыныӊ жоғары сапалы маталары қолданылды", - дейді "Казлегпром-Алматы" кәсіпорныныӊ директоры Айбек Бектұрғанов, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Сонымен қатар, әрбір киім үлгісі Олимпиадаға қатысатын әрбір спортшы үшін жеке-жеке тігілетіні және ол үшін үш рет өлшеу жұмыстары жүргізілетіні мәлім болды.

"Костюмдердіӊ бағасы 245 мыӊ теӊгеге бағаланды. Оған бүкіл жинақ кіреді. Еӊ маӊыздысы - бұл жүрек тұсында орналасқан біздіӊ Елтаӊбамызға деген құрмет. Біздіӊ спортшыларымыз парадта жақсы сипатта көрінуі керек, ал басты міндет - Олимпиада орындарында жеӊіске жету", - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі Сәкен Мұсайбеков.

Олимпиада ойындарына арналған отандық спортшылардыӊ киім үлгісін тігуге қазақстандық спорт өкілдері де атсалысқаны белгілі. Осы орайда, ҰОК кезектен тыс съезінде спортшылар киім үлгілері ойдағыдай әзірленгенін мәлім етті.

"Қазақстан құрамасыныӊ олимпиадалық киім үлгісін әзірлеуге Олимпиада чемпиондары да қатысты. Бірінші кезекте, біз спортшыларға ыӊғайлы киім үлгісін тігуге тырыстық. Рио де Жанейеродағы ауа райы өте ыстық болатынын білесіздер. Сондықтан, осы ауа райына қолайлы киім үлгісі болсын дедік. Сол себепті, барлығы келісілген, спортшыларға ұнап, жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деген үміттеміз", - дейді қазақстандық боксшы Ермахан Ыбырайымов.Ал отандық жеӊіл атлет, спринтерші Ольга Шишигина әйел спортшылар үшін парадтық киім үлгісінде туфли мокасиндерге ауыстырылғанын айтты.

"Бұл киім үлгісі біз парадта бірнеше сағат бойы тұратынымды есепке ала отырып және оныӊ спортшылар үшін қолайлы әрі мыжылмауы талабымен әзірленді. Ийелдер үшін бізге ұсынылған туфлидіӊ орнына мокасинді енгізу меніӊ ойымша әлдеқайда ыӊғайлы. Себебі, көбісі биікөкше аяқ киім кимейді. Ал сафари стиліндегі бешпет кез-келген дене бітімі үшін жарасымды болмақ. Ал классикалық үлгідегі белдемше де төсі кеӊ спортшы қыздар үшін ыӊғайлы болады", - дейді О.Шишигина.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны