29.07.2016, 19:24 6895

Астанадағы орталық саябақта триатлоннан жарыс өтеді

Астана қаласыныӊ полицейлері жүргізушілерден көлік қозғалысыныӊ уақытша шектелуіне түсіністікпен қарап, жол бағдарларын алдын ала жоспарлауды сұрайды.И

Астана. 29 шілде. Kazakhstan Today - Жексенбі күні, 31 шілдеде елордада Super sprint triathlon Astana - 2016 турнирі өтеді. Жарыс үш спорттық дисциплинадан тұрады: 350 м жүзу, 20 км веложарыс және 2,5 км жүгіру.
Триатлон салауатты өмір салтын насихаттау және спорттық бәсекелестік орнату мақсатында ұйымдастырылады. Қатысушылардыӊ бәрі құрмет медальдарымен марапатталады.
Жарыс таӊғы сағат 10.00 басталады. Осыған байланысты жарыс соӊына дейін Тұран даӊғылындағы көлік қозғалысы «Тұлпар» көпірінен әуежай айналма жолына дейін толық тоқтатылады.
Жүргізушілерге Қабанбай батыр даӊғылы - Сарайшық көшесі арқылы айналып өтуді ұсынамыз.
Сонымен қатар, Қабанбай батыр даӊғылыныӊ «Рамстор» СҮ жанындағы көпірден бастап Қорғалжын тас жолына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жартылай шектеледі.
Жүргізушілерге Республика даӊғылы - Ташенов көшесі - Орынбор көшесі арқылы айналып өту ұсынылады.
Астана қаласыныӊ полицейлері жүргізушілерден көлік қозғалысыныӊ уақытша шектелуіне түсіністікпен қарап, жол бағдарларын алдын ала жоспарлауды сұрайды.И

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны