16.06.2016, 22:12 9582

Ауыр атлеттер Олимпиада медалінен айырылса мемлекеттік сыйлықтарды қайтаруы мүмкін

Лондон Олимпиадасы Қазақстанды әлемге спорт державасы ретінде танытқан. 2012 жылы Илья Ильин, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло мен Светлана Подобедова алтыннан алқа тағып, сенсация жасаған еді. Бір қызығы, арада 4 жыл өткенде Халықаралық ауыр атлетика федерациясы "бүйректен сирақ шығарып" жатыр.

Астана. 16 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан әлемдік спорт жанжалына тап болды. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы атақты зілтеміршілер Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Мая Манеза мен Светлана Подобедованыӊ қанынан допингтіӊ нақты табылғанын бүгін ресми түрде мәлімдеді. Енді төртеуі де Лондон алтынынан айрылып, Рио Олимпиадасына қатыса алмауы мүмкін. Изірге, ауыр атлеттеріміз барлық халықаралық жарыстардан шеттетіліп отыр. Бұл өш алу ма, әлде аяқтан шалу ма?

Лондон Олимпиадасы Қазақстанды әлемге спорт державасы ретінде танытқан. 2012 жылы Илья Ильин, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло мен Светлана Подобедова алтыннан алқа тағып, сенсация жасаған еді. Бір қызығы, арада 4 жыл өткенде Халықаралық ауыр атлетика федерациясы "бүйректен сирақ шығарып" жатыр. Жерлестеріміздіӊ жеӊісін қызғанды ма әйтеуір Ильин, Манеза, Чиншалло мен Подобедова алтынға қара күшпен емес, допингпен қол жеткізді деп аяқ асты шу шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Күдік туғызған препараттыӊ аты белгілі. Біріншісі станазол. Бұл 4 зілтеміршініӊ де қанынан табылған. Ол күш беріп, шыдамдылықты арттырады. Бұған қоса Илья Ильиннен дегидро-хлорметил-тестостероны шығыпты. Ол бұлшық етті өсіреді. Ирі Чиншанлодан оксан-дролон деген екінші допинг анықталған екен. Ол да қуатты арттырады, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Бірақ, халықаралық ауыр атлетика федерациясыныӊ айыбы көпе-көрнеу жала болуы мүмкін. Өйткені, әлемдік аренада талай топ жарған

Ильяныӊ жеке бапкері оныӊ дәрі ішпегеніне сенімді. Таӊғаларлығы алтын алған 4 спортшыныӊ бірдей дауға іліккені бапкердіӊ күмәнін туғызып отыр.

Елжас Болтаев, И.Ильинніӊ жеке бапкері:

-Олимпиада өтіп жатқан жерде тексереді. Өйткені, лаборатория күндіз- түні істейді ол жерде. Мысалы, ұшып келдіӊіз сізден бір рет алады. Кейін тағы алады. Соны жарыстыӊ үстінде тексереді. Өйткені, олар жүлдені тексермей бере алмайды. Олар тексеріп алып береді. Кейін тексерудіӊ жаӊ тәсілін ойлап таптық тағы тексереді. Бәрі күмәнді.

Осындай тыӊғылықты тексеруге қарамастан допингттіӊ арада 4 жыл өткенде анықталуын ешкім түсіне алмай отыр. Бір анығы бұл Риоға бір ай қалғанда ауыр атлеттерге жасалған қысым. Енді олар алдағы Олимпиадаға қатыспауы да мүмкін. Изірше, халықаралық жарыстардан шеттетіліп отыр.

Бірақ, ешқайсысы Олимпиадаға дайындықты тоқтатқан жоқ. Ал, Ильин өзініӊ интернеттегі парақшасында жанкүйерлерініӊ қолдауына зәрумін деп ашына жазды.

Илья Ильин, Олимпиада чемпионы:

-Допинг туралы ақпаратты естіп, төбемнен жай түскендей болдым. 2004 жылдан бері допингке қарсы қан тапсырып келемін. Биылдыӊ өзінде екі рет тексеруден өттім. Үнемі таза болатын. Рио Олимпиадасына дайындықты жалғастырып, аяғына дейін барамын. Сіздердіӊ қолдауларыӊыздыӊ арқасында шыӊға шықтым. Қазір де сондай көмектеріӊізге мұқтажбын.

Енді басы дауға қалған спортшыларымызды алда не күтіп тұрғаны осы айдыӊ аяғында белгілі болады. Яғни, маусымныӊ 27-сі күні Швейцарияныӊ Лоззана қаласында тәртіптік комиссиясыныӊ отырысы өтеді.

Басқосуда Ильин, Манеза, Чиншанло мен Подобедованыӊ тағдыры шешілмек.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

-Ауыр атлетика федерациясыныӊ айыбын, тек күдікке ілінген спортшылар жоққа шығара алады. Қазір олар құжаттармен танысып, құқығын қорғауға дайындалып жатыр. Біз барлық жағынан қолдау көрсетіп, көмектесеміз. Изірге бірдеӊе деп айтуға ерте.

Қазақстанды әлемге танытқан әйгілі спортшыларын ақтап шығу Спорт министрлігіне үлкен сын. Бір қызығы, бұл қитұрқылардыӊ барлығы Рио Олимпиадасына санаулы күндер қалғанда жасалып отыр. Осыған қарағанда, ешкімге дес бермеген қазақтыӊ алыптарын орға жығу алдын-ала ұйымдастырылған сияқты. Сарапшылардыӊ пікірі де осыған саяды. Ал спортқа саясат араласатын болса, алдағы олимпиада да ел қоржыны біраз алтыннан қағылғалы тұр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны