05.09.2026, 11:53 35150 / 6591

Қазақстан Көшпенділер ойындарында 300 шақырымдық ат жарысынан жеңіске жетті

Шабандоздар қашықтықты төрт күнде жүріп өтті
Қазақстан Көшпенділер ойындарында 300 шақырымдық ат жарысынан жеңіске жетті
Сурет: Gov.kz
Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 300 шақырымдық жорық бәйгесінен алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.

"Шабандоздар мен тұлпарлар 300 шақырымдық қашықтықты 4 күн ішінде еңсеріп, мәреге бірінші болып жетті", - деп жазады министрлік.


Қазақстан құрамасы сапында Ержан Ернар, Төлебай Жарас, Ыдырыс Жақсылық, Реимбай Қанат және Есен Ахмет алдына жан салмады.

Сондай-ақ, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аралық қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық медаль есебінде бірінші орында.

Атап айтқанда, 4 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақстандық спортшылар 55 жүлде: 25 алтын, 13 күміс және 17 қола медаль жеңіп алды. Қазақстан өкілдері Ойындар бағдарламасына енген 42 спорт түрінің 31-інде өнер көрсетті. Медальдар аударыспақ, қазақ күресі, алыш, армрестлинг, самбо, арқан тартыс, дәстүрлі садақ ату, ат жарысы, құсбегілік және басқа да спорт түрлерінен жеңіп алынды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны