19.01.2022, 18:01 19276

Қазақстандық спортшылар Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиадаға 82 лицензия жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиадаға 82 лицензия жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
НҰР-СҰЛТАН. 19 ҚАҢТАР - Қазақстандық спортшылар Бейжің Олимпиадасына 8 спорт түрінен 82 жолдамаға қол жеткізді. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Шаңғы жарысы бойынша 30 жолдама қоржында. Фристайлшылар тоғыз жолдамаға ие болған. Соның ішінде могул бойынша – 5, акробатика бойынша 4 жолдама бар. Конькишілер мен биатлоншылар – 12, шорт-трекшілер тоғыз жолдаманы қоржынға салды. Тау шаңғысы мен шаңғымен тұғырдан секіру спортынан ел құрамалары төрт жолдамадан еншілесе, шаңғы қоссайысынан отандық спортшылар екі лицензияға иелік етті. 
 

Бүгінгі таңда олимпиадалық құрама сапына 32 спортшы енді. Айта кетерлігі, бұл спортшылардың соңғы әрі нақты саны емес. Себебі ҰОК кейбір спорт түрлерінен халықаралық федерациялардың лицензияларды қайта бөлу, үлестіру нәтижелерін күтуде. Атап айтқанда, биатлон, шаңғы жарысы, могул және акробатикадан тағы да жолдамалар үйлестірілуі мүмкін", - делінген хабарламада.

 
Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың соңғы әрі нақты тізімі 20 қаңтардан кейін белгілі болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны