17.01.2011, 15:12 11742

Азиада алауы Атырауға жетті

Азиада ойындарының Алауы Жексенбі күні кешке Ақтаудан Атырауға, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атырау. 17 - қаңтар. Kazakhstan Today - Азиада ойындарының Алауы Жексенбі күні кешке Ақтаудан Атырауға, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алау қорғаушылары мен Эстафета дирекциясының өкілдерін Атырау облысы әкімінің орынбасары Серік Аманғалиев әуежада күтіп алды.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алау эстафетасы дирекциясы басшысының орынбасары Сәрсен Құранбек журналистерге берген сұхбатында, алау алып өтілген барлық қалаларда рекордтар тіркеліп отыр.

"Облыс басшыларының айтуынша, біз болған өңірлерде Алау эстафетасына халық мол жиналған, мұншалықты адам бұған дейін бірде-бір бұқаралық шараға қатыспаған. Біз үшін бұл өте маңызды. Бұл, қазақстандықтардың Азиада ойындарына деген ерекше ықыласын көрсетіп отыр. Бұл, мыңдаған, тіпті миллиондаған адам спортпен айналыса бастайды немесе салауатты өмір салтына ден қояды деген сөз", - деді С.Құранбек өз сөзінде.

Баспасөз мәслихатынан кейін Алау сақталған колба Халық банкінің филиалына жеткізілді, ол онда дүйсенбіге дейін сақталады.

Ал бүгін сағат 12.00-де драмалық театрдың алдындағы алаңда осы Алаудан шырақ жағылып, 60 алаугер оны қала көшелерімен алып өтеді. Алаугерлердің қатарына облыстың үздік спортшылары, еңбек сіңірген жаттықтырушылар, спорт ардагерлері, зиялы қауым өкілдері кіріп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны